7 мамырда 39 жастағы саясаткер Эммануэль Макрон Францияның жаңа президенті болып тағайындалды. Макронды ресми түрде ұлықтау шарасына да аз уақыт қалды. 39 жасында президент тағын жеңіп алған сымбатты сарбаз ғана емес, оның 64 жастағы заңды әйелі Брижит Макрон да әлемді қызықтырады.
Брижит Макрон ресми түрде ең сәнді елдің бірінші ханшайымы атанады. Макрон ханым – ешкімге ұқсамайтын өзгеше тұлға. Қазіргі жасына қарамастан 15 сантиметр биік өкше, былғары белдемше, тырысқан қысқа көйлек киіп жүре беретін ханымның ерекшелігін қалайша ескермеуге болады? Макрон өзін шектемейтін секілді. Ол оқтай түзу аяғын халыққа паш етуден тайынбайды. Бірақ күнге күйген терісінің "француз сән-салтанатына" сәйкес келмейтінін айтып жатқандар да бар.
Макронның күнделікті киетін киім-кешегі қатарына тар шалбар, биік өкшелі туфли, ұзын жакет кіреді. Сән сарапшыларының айтуынша Францияның бірінші ханымы АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамппен бәсекелес бола алмайды. Бірақ тарихқа ізін салары сөзсіз. 2017 жылы 14 мамырда болатын Эммануэль Макронды ресми түрде ұлықтау рәсімінде Брижит Макрон қандай образда шығатыны да әлем жұртшылығына қызық. Біреулер сол күні-ақ ханымның талғамын біле аламыз деп жүр. 64 жастағы Брижит ханым қандай киім киер екен?