- Негізгі бет
- Сән
- 40-жылдар сәнінің ерекшелігі...
40-жылдар сәнінің ерекшелігі қандай?
Өткен ғасырдың 40-жылдарының басы – сән әлеміндегі қиын кезеңнің бірі. Соғыс адамдардың көзқарасын түбегейлі өзгертті десе болады. Бұл қысылтаяң кезде сән әлемі де өзінше дамып жатты.
Адамдар қиын жағдайға бейімделуге мәжбүр болды. Сол себепті киімнің сапасы мен төзімділігі алғашқы орында болды.
Текстиль жетіспеушілігінің салдарында көйлек ұзындығы қысқара түсті. Бұл күнделікті киімге де қатысты болған еді. 1940 жылдан бастап пальтоға материал 4 метрден, ал блузаға 1 метрден аспайтындай етіп тігілуі тиіс болған. Табиғи матаның орнын жасанды материал басып, киімдерді тігуге арзанқол мата пайдаланылатын болды.
Бұған қарамастан сән әлемі қолынан келгенін бәрін жасап, атын сақтап қалуға тырысты. Біз мұны 40-жылдары түсірілген фильмдерден байқай аламыз.
Қарапайым әйелдер киноактрисаларына еліктеп, лента, бірнеше мата жамауы, тіпті пердені де пайдаланып, киімдерін әрлендіруге тырысты. Сол уақытта сәнге «печворк» кіріп те үлгерді. Оған дейін печворкты көрпе жасауда қолданған еді.
40-жылдардан хабар беретін элементтің бірі – жасанды иықшалар. Барлық әйел заты сол уақытта ер адамдар секілді иықша тағып жүретін.
Ерлер қауымы да сәннен қалған емес. Олар кең иықты пенжактарды киюді ұнатты. Аса қадірлі матаның бірі – твид болды. Алайда оған әркімнің қолы жете бермейтін.
Сол заманда сән әлемінің хабаршылары – актерлер болатын. Сондықтан халық кинотеатрға фильм көруден бұрын актерлердің киімін көру үшін баратын.
Ұқсас жазбалар:
Жазғы сән: Тартаннан тігілген киімдер
Етегі кең белдемшенің құпиясы неде?
Ф. Абилова