- Негізгі бет
- Сән
- $203 150 тұратын...
$203 150 тұратын Hermes сөмкесі
Бұл сөмке аты аталмаған бір ханымның сирек аксессуарлар коллекциясында 2006 жылдан бері болған екен. Бірақ, кейін Hermes фирмасы оған тура осындай, тек қара түсте орындалған сөмкені ұсынып, аталмыш сөмкені ауыстырып алыпты.
Сөмкені $203 150-ға алған сатып алушы атын жарияламауды жөн көрді. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, олар сөмкені $80 000-ға сатпақшы болған. Бәссаудада Birkin сөмкелерінің басқа да үлгілері сатылды: қолтырауын терісінен тігілген, палладий асыл металымен әрленген көгілдір сөмке ($113 525), қызыл түсті лакталған сөмке ($95 600) және қолтырауын терісінен тігілген сарғыш сөмке ($80 663).
Осындай сөмкелердің бірқатары коллекционерлердің меншігінде бірнеше жыл болған. Олар сөмкелерді мақсатымен ұстамай, тек қымбат экспонат ретінде сақтап келген. Тіпті, бір сөмкеге құмар әйел отырыс кезінде дастархан үстіне сауытқа салынған гүлдің орнына, Judith Leiber винтажды сөмкесін қойған екен.
Суреттер woman.ru сайтынан алынды.
С. А