Көктем жақындағанда көпшілік ару шаш үлгісін өзгерткісі келеді. Сіз де жаңаруды ойласаңыз, бұл жылы сәнде болатын шаш үлгілеріне мән беріңіз.
Боб
Боб шаш үлгісі көбіне иекке дейінгі ұзындықта болады. Бізге бұрыннан таныс боб шаш үлгісінің алдыңғы жағы үшкірленіп, қатаң пішінді сақтап тұру керек болатын. Ал қазір оның табиғи көрінуі, гель жағылмаған және шамалы ұқыпсыз болуы сәнде болмақ. Бұл шаш үлгісін «боб шегги» және «француздық боб» деп те іздеуге болады.
Бұйра шаш
Егер шашыңыз бұйра болса, оны үтікпен түзелеуді қойыңыз. 1980-жылдары сәнде болған табиғи бұйра шаш қайтадан сәнге оралуда. Бұйра шашқа кекіл қою арқылы оны ерекшелеуге болады. Стилистер бұйра шашты қыздарға кірпікке дейін түсіп тұратын каскад кекіл қоюға кеңес береді.
Өсіп кеткен кекіл
Өсіп кеткен кекілді «пердеше» деп те атайды. Бұл шаш үлгісі кез келген шашқа көлем береді. Мндай кекіл қидырту үшін ортасы қысқа, ал екі шеті ұзын болуы керек. Мұндай кекіл кареге де, ұзын шашқа да жарасады.
Шэг
Шэг немесе дода шаш алғаш рет 1970 жылы сәнге еніп, кейін 2010 жылы қайтадан кең таралған болатын. Ал қазір Билли Айлиш пен стилистер бұл шаш үлгісін жаңа деңгейге көтеріп, оны заманауи ете түсті. Бұл шаш үлгісі орташа ұзындықтағы және жеңіл кекілі бар шашта әдемі көрінеді. Шэг шаш үлгісі де шашқа көлем беріп тұрады. Оның үстіне ол әдемі өседі. Сондай-ақ оны түзетудің немесе бұйралаудың қажеті жоқ, шаш кепкен кезде спрей шашып, қолмен ұқыпсыз түр берудің өзі жеткілікті.
Жеңіл толқыны бар ұзын шаш
90-жылдардың трендтері де қайтадан оралуда. Ұзын, жылтыр, жеңіл толқындар салынған әрі күтімді шаш сәнде болады. Егер шашыңыз ұзын болса, оған аса білінбейтін жеңіл бұйра салып, шашқа жылтырататын спрей шашуға болады.
Өте қысқа шаш
Нair-индустрия эксперттері пикси шаш үлгісінің барлық мүмкін түрлерін ұсынып отыр. Оған қысқа, өте қысқа, қырылған элементтері немесе өрнектері бар шаштар, табиғидан түрлі түсті түрлеріне дейін жатады.