- Негізгі бет
- Сән
- 2021 жылы сәнге...
2021 жылы сәнге кіретін джинс шалбарлары
Джинстер — ешқашан сәннен кетпейтін, уақыт өте түрлері қайта айналып сәнге айналатын шалбар түрі. Алдағы көктем мен жазда винтаж стилі сәнге кірмек. Сондықтан, осыдан 10-20 жыл бұрынғы джинс шалбарлары қайта оралады. Әсіресе, ерекше үш түрді атап өтуге болады.
1. Mom джинстері
1980- жылдардың басынан 1990-жылдарға дейін сәнде болған шалбар қазір де кең танымалдылыққа ие. Бұл шалбар түрі бойы аласа қыздарға өте жақсыы жарасады. Өйткені, олар аяқты ұзартып көрсетеді, белді жеңішкертеді.
2. Тік джинстер
Кең әрі тік джинстер де 80-90 жылдары кең танымалдылыққа ие болған еді. Бұндай модель қыздардың пішінің әдемілетіп, кемшіліктерді жасырады. Бұл түрді таңдар кезде бір өлшемге үлкенін алған дұрыс. Әдетте бір рет жуғаннан кейін тарылып қалады. Сондықтан, сәл үлкенде джинс кейін де қиындықсыз кие беруге септігін тигізеді.
3. Кең балақ джинстер
Бұл джинсті тренд күнделікті стиліңізге ерекшелік пен сұлулық береді. Кең балақ джинстерді кеңсеге де, мерекелік шараларға да, отырыстарға да киюге болады. Жейдейлер мен тар күртешелермен жақсы үйлеседі.
Т. Есқали