- Негізгі бет
- Сән
- 2020 жылы қандай...
2020 жылы қандай түс сәнде болады?
Фото:
harpersbazaar.com
Pantone түстер институты жыл сайын желтоқсан айында келер жылдың басты түсін анықтайды. Сарапшылардың ойынша, 2020 жылдың басты түсі классикалық көк болады.
Pantone түстер институтының креативті директоры Леатрис Айзман бұл түс туралы былай дейді: "Көк – сенімділік беретін және тұрақтылық пен тыныштықты білдіретін таза түс. Бұл реңк заманауи қоғамның сорына айналған әлемдегі үрейдің азаюына ықпал етеді".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Американдық Pantone түстер институты жылдың басты түсін 2000 жылдан бері таңдайды. Бұл компания сандық индикация қолданылатын түс таңдаудың стандартталған жүйесін өңдеп шығарған. Түстердің үлгілері уақытылы арнайы каталогқа шығарылып отырады.