Pantone түстер институтының сарапшылары 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің ең сәнді түстерін анықтады. Жаңа палитра қуанышқа толы. Барлық реңктер бір-бірін толықтыра отырып, араластырылып та қолданылады. Жаңа палитра 16 түстен тұрады, оның ішінде Pantone төрт базалық реңкті бөлек ерекшелеп қойды. 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің 12 сәнді түсіне мыналар кірді: - сары Meadowlark және Lime Punch; - ақшыл көк Ultra Violet және Spring Crocus; - алқызыл Pink Lavender және Blooming Dahlia; - қанық қызыл Cherry Tomato; - қоңыр Chili Oil және Emperador; - көгілдір Little Boy Blue; - жасыл Arcadia; - бейтарап Almost Mauve. 1. Meadowlark Сарыторғай Шырынды және балғын сарыторғай реңкі сәнді жылы мерзім топтамасына кіреді және көктем-жаз мерзімінің басты түсінің біріне жатады. Meadowlark ол күннің шуағы және өмірлік энергия. Ол қуанышпен және күлкімен толтырылған. Бұл түс көптеген топтамаларда кездесті: Marc Jacobs, Tom Ford, Diane von Furstenberg, Gucci, Prabal Gurung, Calvin Klein. Ол өздігімен толыққанды түске жатқанымен, басқа да түстермен жақсы үйлесім табады. Ол ақ және қара түспен керемет үйлесе алады. 2. CherryTomato Черри қызанағы Ол өзіне қызғылт және сарғылт түсті қосатын импульсті реңк. Оның жылы жарқырауын байқамай қалу мүмкін емес. Бұл түсті киімдер өзіне сенімді бойжеткендерге арналған. Мұндай түсті киімдер мына топтамаларда кездесті: Altuzarra, Proenza Schouler, Delpozo, Gucci, Rodarte, Victoria Beckham, Adam Selman, Christian Dior. Қызыл реңк көптеген түстермен үйлесім табады. CherryTomato қарамен, ақпен және алтын түспен керемет үйлеседі. 3. LittleBoyBlue Балғын көгілдір Аспандай көгілдір түс енді тек кішкентай балалардың артықшылығы ғана емес. Таңғы аспанның көгілдірі мен көкшілдігі нәзік LittleBoyBlueреңкіне қосылған. Бұл тыныш түс бір қарағаннан арбап алады. Бұл түсті киімдерді өз топтамаларына мына танымал брендтер қосты: Versace, Michael Kors, Carolina Herrera. Ол өздігімен немесе басқа нәзік реңктермен үйлесім табады. 4. ChiliOil Чили майы Қанық қоңыр-қызыл ChiliOil түсі ащы тұздыққа ұқсастырылады. Бұл түс өзіне жақын түстермен үйлесім табады. Мысалы: қоңыр, қою қызыл, кірпіш түс. Мұндай түсті киімдерді Coach, Altuzarra, Marchesa және басқа да брендтер өз топтамасында қолданды. 5. PinkLavender Алқызыл лаванда Алқызыл түстің бірден үш реңкі осы мерзімнің сәнді тенденциясына кіріп отыр. Соның бірі PinkLavender. Ақшыл көк және алқызыл түс тыныштық пен татулық сыйлайды. Ол тыныш түс болғанымен, оны жалықтырғыш деп айта алмаймыз. Оны жалбыз түспен, ақпен, сарғышпен, қоңырмен және ашық сұрмен үйлестірген жөн. Әсіресе, алқызыл лаванда сәнді бала көгілдірімен керемет үйлесім табады. Michael Kors, Rodarte, Tom Ford, Versace, Gucci секілді атақты сән үйлері өз топтамаларының басты түсі ретінде алқызыл лаванданы қолданды. 6. BloomingDahlia Гүлденген нарғызгүл (георгин) Алқызыл түстің тағы бір сәнді реңкі BloomingDahlia. Бұл реңк те нарғызгүл секілді өзінің әсемдігімен тартады. Гүлденген нарғызгүл түсі басқа түстерге қарағанда ақ түспен жақсы үйлеседі. Жалғасы бар...