The Business of Fashion басылымы Lystкомпаниясымен бірлесе отырып осы жылдың ең танымал киім брендтерінің рейтингін жасады. Осы күнге дейін бұл тізімді Balenciaga бастап тұрған еді, енді италиялықGucciбренді оның алдына шықты. Алессандро Микеле басқаратын сән үйінің алға жылжуына олардың биыл шығарған аксессуарлар топтамасы себеп болған. Gucci-дің ең танымал өнімі GG белдігі. Gucci брендінен кейінгі қатарларды Off-White, Balenciaga, Givenchy мен Dolce Gabbana бірінен кейін бірі иеленген. Вирджил Аблоның маркасы Rimowaжәне Converse брендтерімен жасаған коллаборациясы арқылы алдыңғы сатыдан көрінді. Givenchy сән үйінің атақ-беделінің артуына мамыр айында өткен Гарри ханзаданың тойы себеп болғаны анық. Қалыңдық Меган Маркл осы брендтің той көйлегін таңдаған еді. Ең танымал брендер ондығына Vetements,Versace, Fendi,Nikeмен Prada енді. Рейтингте ең үлкен қадам жасаған Донателла Версаченің сән үйі болып тұр. Versace 21-ші орыннан 7-ші сатыға көтерілген. Nike бұл тізімдегі жалғыз спорттық киім сататын бренд атанды.