2018 жылдың ең танымал брендтері

2018 жылдың ең танымал брендтері
Фото: vk.com

The Business of Fashion басылымы Lyst компаниясымен бірлесе отырып осы жылдың ең танымал киім брендтерінің рейтингін жасады.

Осы күнге дейін бұл тізімді Balenciaga бастап тұрған еді, енді италиялық Gucci бренді оның алдына шықты. Алессандро Микеле басқаратын сән үйінің алға жылжуына олардың биыл шығарған аксессуарлар топтамасы себеп болған. Gucci-дің ең танымал өнімі — GG белдігі. 


Gucci брендінен кейінгі қатарларды Off-White, Balenciaga, Givenchy мен Dolce & Gabbana бірінен кейін бірі иеленген. Вирджил Аблоның маркасы Rimowa және Converse брендтерімен жасаған коллаборациясы арқылы алдыңғы сатыдан көрінді. Givenchy сән үйінің атақ-беделінің артуына мамыр айында өткен Гарри ханзаданың тойы себеп болғаны анық. Қалыңдық Меган Маркл осы брендтің той көйлегін таңдаған еді.  

 Ең танымал брендер ондығына VetementsVersace, FendiNike мен Prada енді. Рейтингте ең үлкен қадам жасаған Донателла Версаченің сән үйі болып тұр.  Versace 21-ші орыннан 7-ші сатыға көтерілген. Nike бұл тізімдегі жалғыз спорттық киім сататын бренд атанды.

А. Оралқызы