2017 жылғы 5 негізгі тенденция

2017 жылғы 5 негізгі тенденция
Фото: www.lifehack.org

2017 жылғы сән үлгілері әлдеқашан апталықтарда көрсетіліп қойған. Соларды сараптай келе біз аяқ басқан жылда трендке айналатын 5 киім ерекшелігін анықтадық. Егер сіз киімдеріңізді жаңартқыңыз келіп жүрсе, төмендегідей бұйымдарды алыңыз. Қателеспейтініңізге сенімдіміз.

Леггинс

Иә, олар сәнге қайта келді. 80-ші жылдары теледидарда аэробика сабақтарын жүргізген спортшы қыздардың киімі биыл негізгі трендке айналмақ. Олар енді тек подиумдар мен теледидарға ғана емес, сондай-ақ, шын өмірде де қолданысқа ие болмақ. Оларды көйлек немесе белдемше астынан киген жөн.

 

Неон

Неон - жаңа сән аптасының көзайымы. Қыз-келіншектің көзіне бірден түсетін түрлі-түсті кескін енді талғамсыздықтың емес, сәнқойлықтың белгісі болмақ. Неонды флористикалық сурет — осы жылдың тренді. Оны алғаш Демна Гвасалия Balenciaga көрсетілімінде ұсынған еді.

 

 Нейлон

Нейлон қазіргі таңда ең мықты деген сәнгерлер мен дизайнерлердің қорынан орын алған. Биылғы сән апталықтарында ол үлкен сұранысқа ие болып отыр. Әсіресе, сәнқой бикештерді Balenciaga сән үйінің нейлонды ботфорт-леггинстері таңқалдырды. Сондықтан, нейлоннан қашпаңыз.

 

Кең иықты киім

Осы жылы дүкендерді кең иықты киімдер жаулап алары анық. Бұл форма әдетте классикалық стильдегі бешпеттерге үйлеседі.

 

Жазу

Қашан, қалай болмасын, дизайнерлер өз киім үлгілеріне бар жанын салады. Биыл да солай болды. Осы жылы өткен сән апталығында сәнгерлер мықты әйел образын жеткізуге тырысқан. Олар Виктория Бекхэм мен Анджелина Джоли секілді бірнеше істі қатар меңгеріп жүрген танымал арулардың бейнесінен шабыт алған. Осыған орай, киімдерде кестеленген жазулардың алар орны бөлек. Біз мән бермейтін сол жазулардың шын мәнісінде өзіндік идеологиясы бар.

А. Оралқызы