2017 жылдың негізгі түсі анықталды

Түс реңін шығарумен айналысатын Pantone компаниясы 2017 жылдың негізгі түсін анықтады. Ол – 15-0343 нөмірімен таңбаланған Greenery деп аталатын шөп түсті рең.

Pantone колористері дәл осы түстің танымал болатынына бәс тігіп отыр. Дизайнерлер де қателеспепті. Үміт түсі саналатын Greenery (Pantone колористері солай атайды) жаңа жылдың көктемгі киім топтамаларынан бой көрсетіп үлгерді. Олардың қатарында Louis Vuitton, Y/Project және Haider Ackermann сынды беделді сән үйлері бар.

Суретте көрсетілген сәнді түстегі киім үлгілері сатылымға шыққанша біраз күту керек. Дегенмен, екі-ақ айдың ішінде аяқ басатын көктемге көркем көйлек іздесеңіз, оның түсінің қандай боларын алдын ала біле жүріңіз.