Талғампаз арулар осы жылдың ең басты әрі сәнді шаш үлгілерінің бірі – төбедегі төмпешік екенін біледі. Бұл шаш үлгісін Голливуд жұлдыздары трендке айналдырды.
Дженнифер Лопес
Ким Кардашьян
Джессика Альба
Селена Гомес
Hun (half bun сөзінің қысқарған түрі, қазақшасы – жарты түйін) деп аталатын шаш үлгісін арулар қайталап жасап, сәнге енгізді. Шаш сәні мыңдаған жыл бұрын Жапонияда пайда болған. Жапон әйелдері ғана емес, жапон еркектері де шашын төбесіне жартылай түйген. Өткен ғасырдың 80-жылдары француз актрисасы Брижит Бардо негізгі идеяны жапондықтардан алып, оны заманға сай етіп түрлендірген.
Брижит Бардо
Half bun үлгісін сәнгерлер подиумға алып шықты.
Соңғы екі жылда сәнге енген hun кез келген аруды көптің арасынан ерекшелейді. Шаш сәнінің өзгешелігі – жарты шаш төбеде түйін болып тұрса, жарты шаш жаюлы қалады.
Бұл шаш сәнін жасауға көп уақыт кетпейді. Hun шаш үлгісімен барлық киім бірдей жарасады. Жасау жолы қиын емес. Алдымен төбеңізден азғантай шаш бөліп аласыз. Сосын оны резеңкемен буып, айналдырасыз. Артық шашты қыстырғышпен жинақтайсыз. Шаш үлгісі дайын! Ұзын шашты жартылай түю жолы:
Қысқа шашты да дәл осы техникамен жартылай түйеді.
Шашыңызды төбеңізге, шүйдеңізге, желкеңізге жартылай түйе аласыз. Одан шаш сәні бұзылмайды. Сәнді, сұлу болып жүріңіз!