2016 жылы сәнде болатын түстер

2016 жылы сәнде болатын түстер
Фото: amur.kz

Pantone институты 2016 жылы сәнде болатын түстерді анықтады. Дизайнерлердің айтуынша, осы жылы киімдердің түстері ашықтығын жоғалта бастағанмен, түс тереңдігімен және қанықтығымен ерекшеленетін болады.

Бискай шығанағы

Күздік сәндегі киімдердің түсі қанық әрі қою көгілдір болып келеді. Бұл түс тропикалық жасыл және теңіз толқынының шұғыласы түстерінің бірігуінен туған. Түстердің сәйкестігіне келетін болсақ, бискай шығанағы түсті киімдермен ашық сары және ашық кофе түстес киімдер жақсы үйлеседі.

Қызғылт-сары

2016 жылдың сәнді түстері табиғат түстеріне сәйкес алынған. Соның бірі қызғылт сары сахаралы түс. Мамандардың айтуынша, бұл нәзік түс барлық адамға жағымды қабылданып, көңіл-күйді көтереді. Бастысы суық күндері жылу сыйлайды.

Әдемі марсала

Бұл түсті күз-қыс мерзімінің сәнді түсі деп анық айта аламыз. Осы әмбебап түс сән әлемінде ойып тұрып орын алады. Мұндай түстегі киімдер ғана емес, әшекейлер, сөмкелер, бас киімдер және аяқ киімдер де сәнге айналмақ. Марсала түсін кез келген жылы әрі суық түстермен сәйкестендіріп киюге болады. Қою әрі қанық көк түспен де үйлесім табады.

Мұзы бар кофе

2016 жылдың сәнді түстерінің бірі мұзы бар кофе түсі. Бұл түс нағыз күзгі табиғатқа айналуымен үйлеседі. Мұндай түсті киімдермен кеңсеге баруға да, серуенге шығуға да болады. Тынық түстермен, соның ішінде қара түспен де жақсы үйлесім табады.

Кашемир раушан

Кашемир раушан түсі өз бағытынан таймай, 2016 жылы да сәнді түстердің қатарына енді. Бұл жалықтырмайтын және бейтарап рең әрқашан сәнді көрінеді. Кашемир раушан түсімен бірге басқа түстерді қолданып, ашық түсті киім үлгісін жасау жеңіл болады.

А. Жапатова