2016 жылы қандай түстер сәнге айналады?

2016 жылы ашық көк пен алқызыл кварц түстер сәнге айналады. Бұл туралы «Pantone Color Institute» мамандары хабарлап отыр.

Инcтитут мамандарының зерттеуі бойынша, ашық көк түстер мен ашық алқызыл (алқызыл кварц түстес) түстер әйелдер мен ерлер үшін де сәнге айналмақ. Ал компанияның атқарушы директоры Лиатрис Айсман аталған түстердің денсаулыққа пайдалы әрі көңіл-күйді көтеретіні туралы айта кеткен.

Айта кетейік, «Pantone Color Institute» 2000 жылдан бері ең үздік түстерді анықтаумен айналысып келеді. Зерттеу барысында, сәнгерлердің, косметологтардың да пікіріне құлақ асады. Жыл түсін анықтау үшін киноиндустрия, түрлі коллекция, әйгілі туристік бағыт, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалар сындыларды ескереді. Анализдеушілердің айтуынша, жылдың үздік түсі тұтынушылардың көңіл күйіне сай келуі тиіс. Осы жылы — «марсала» түсі, 2014 жылы - «жарқыраған орхидея», 2013 жылы – «меруерт», 2012 жылы – «мандарин танго» сынды түстер сән әлемінде үздік деп танылған болатын.