- Негізгі бет
- Сән
- 2016-2017 күз-қыс топтамасы:...
2016-2017 күз-қыс топтамасы: сәнді көйлектер
Әлемдік танымал брендтердің дизайнерлері сән көрсетілімдерін халыққа алдын ала жария етіп қояды. Солардың ұсынған киімдері арқылы келе жатқан мерзімде қандай киімдер сәнге айналатынын біле аламыз. Күзге және қысқа арналған киімдерді сатып алмай тұрып, бүгінгі материалымызға көз жүгіртіңіздер.
Геометрия
Ірі геометриялық пішіндер дизайнерлердің назарын тағы да өздеріне аударды. Мұндай суреттер 2016-2017 күз-қыс топтамасының ең сәнді принтіне айналды.
Кеуде астынан буылатын көйлектер
2017 жылдың сәнді көйлектері грек эстетикасына қарағанда батыс еуропалық стильге жақын болып келеді. Егер сіз А-сұлбалы және құты тәрізді көйлектерден шаршасаңыз, оларды кеуде астынан буылған көйлектермен ауыстыра аласыз.
Былғары
2016 жылдың сәнді былғары көйлектері тұтастығымен әрі айқын деталь жоқтығымен ерекшеленеді.
3D
3D принті 2016-2017 жылдың сәнді трендіне жылдам айналуда.
Шашақ
Сән әлемінде қауырсын мен терінің орнына қайтадан шашақ келді. 2016 жылдың күзгі сәнді көйлектерін жіптер мен жолақтардан жасалған жиектер безендіреді.
Тоқыма мата
2016 жылғы мерзімде тоқыма матадан тігілген көйлектердің күнделікті киюге арналған түрлері көптеп кездеседі. Дизайнерлер мұндай көйлектердің миди ұзындықтағы түрлерін және "кеспе" немесе "өрім" өрнектері бар түрлерін ұсынып отыр.
А. Жапатова