Жаңа жылда өзімізге ғана тән жеке стилімізді қалыптастырып, бірнеше түсті қатар үйлестіріп, әртүрлі үлгідегі киімдер таңдауға сән әлемі мүмкіндік береді. Яғни сән үрдісінен шет қалмай, таңдаған стилімізде киіне аламыз.
Әр нәзік бойжеткеннің гардеробында ерлер стиліндегі киім міндетті түрде болу керек. Мүсінімізге мұндай киімдер ерекше сүйкімділік сыйлап, кемшіліктерді жасырады. Мұнымен қатар, тік етекті ерлер стиліне тән пальтолар таңдауға кеңес береміз.
Романтикалық стиль де бұрынғыша сәнде қала бермек. Ол – гүлді принт мата, нәзік шілтері көйлектер. Оларды кию арқылы көпшіліктің көзайымына айналуға болады. Әсіресе суық, жаңбырлы ауа райы кезінде жаздың жайма шуақ күндерін еске түсіреді.
Жарқыраған металл түсі бірнеше жыл бойы сән әлемінің төрінен орын алуда. Осы түсті киімдерді шашақты көйлектермен толықтыруға болады. Сипатталған образды мерекелік кештере ғана емес, кеңсеге де киіп баруға болады.
Ең бастысы, эксперимент жасауды ұмытпаңыз!
Оқи отырыңыз:
Іскер бикештің сырт көрінісі
Әшекей бұйымдарды қалай тағу керек?
Жұлдыздардың 10 түрлі сәнді киім үлгісі
Жазғы етіктерді қалай киеміз?
Жаңа топтамада - кітаптағы кейіпкердің киімі
Сурет: Тұрар Түсебаев (өңделген), fashion.ru