Жаңалық ұсынғанды жаны сүйетін дизайнерлер бұл жылы да аянып қалған жоқ. Сәнгерлер сәнқой бикештер үшін сөмкелердің сан алуан түрін жасап шығарды.
Іскер қыз-келіншектер портфель не қорап пішінді сөмкелердің трендке шыққанына қуанғаны анық. Енді олар кеңсе қағаздарын салу үшін сөмке-пакет ұстайтын болады.
Бұрын сөмкелерін білекке асып жүрген сәңқойларымыз енді сөмкенің жанынан шығарылған бауды пайдаланса болады. Ал ыңғайлы жағын көздейтін аруларға иыққа асатындары тиімдірек болады.
Бұрын қысқы сөмкелер көбіне қоңыр, қара, сұр түсті болып келсе, енді бірнеше түстен үйлестіріліп жасалған сөмкелерге қарап көңіл-күйіңіз еріксіз көтерілетін болады.
Өткен маусымда дизайнерлер сөмке жасауда қорап, дөңгелек, трапеция, доғал, т.б. геометриялық фигуралардың неше түрін қолданып, таңғалдырған болатын. Бұл жолы олар үйіміздегі әшекей салатын кәдімгі қобдишаға ұқсас сөмкелерді ұсынып отыр. Аталған сөмке үлгісі жұмбақ болып көрінуді қалайтын бикештер үшін таптырмайтын аксессуар.
Еркіндікті жаны сүйетін бойжеткендер үшін шашақты және графикалық, сондай-ақ абстракті суреттермен безендірілген сөмкелер шығарылды. Ал, кинестетиктер аң терісінен жасалған сөмкелердің осы маусымда да трендтен түспегеніне қуанатын болды.
Сонымен қатар, былғарыдан жалыққандарға флис, киіз, мохер, жүн, твид материалдарынан тігілген, кілем, алашаға ұқсайтын этникалық стильдегі сөмкелер де бар.
Ақ түсті тек жазға арналған деп ойлайтын консерваторлар жыланның, қолтырауынның терісінен жасалған сөмкелерді көріп, бас шайқаған болар...
Сөмкелерді аяқ киімге емес, үстіңіздегі киімге қарап таңдауды ұмытпаңыз.
Сурет: le21eme.com
Оқи отырыңыз:
Соңғы сәнмен киіну неліктен ерсі көрінеді?
Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #3
Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #2
Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #1