Кешегінің Жібегі мен Баянына, Мамыры мен Еңлігіне еліктеп өзеннің сыңғырлаған күміс күлкісіндей шолпысын тағып, нәзік мінезімен жүректі баурап алатын бойжеткендеріміздің азайып бара жатқанын байқаушы едік, бүгінгі таңда олардың қатары көбейіп, ұзын шашты сәнге айналдырғандардың саны артуда. Бұл жай барлығымызды да, әсіресе жігіт қауымын қуантады. Қыз баласының басты сұлулығы бұрымында екенін ұмытпағанымыз жөн сияқты.
Ежелгі салт-дәстүріміз бойынша, қыз баласы үнемі шашын өріп жүретін болған. Осылайша өзіне ғана тән дара қасиетін айшықтай білген. Сондықтан назарларыңызға ұзындығы өрімге келетін шашқа арналған сәнді үлгілер ұсынамыз:
Суретке қарағанда қарапайым болып көрінгенмен, арнайы маманның көмегіне жүгінуіңіз қажет болады.
Егер шашыңыздың жалбырап, мазаңызды алғанын ұнатпасаңыз, оны жақсылап төбеңізге жинап қойыңыз.
Бұл шаш үлгісі көп қызға жараса бермейді. Оны тек көйлегіңізге сәйкес таңдауыңызға болады.
Мектеп бітіру кеші жақындаған сайын, сұлулық салоны қызметінің бағасы да жоғарылай түседі. Ақшаңыз болмаса, суреттегі шаш үлгілерін әпкеңізге жасатуыңызға болады.
Соңғы суреттегі шаш үлгісі кез келген қызды нәзік етіп көрсетеді. Сұлулық пен нәзіктіктің әрдайым сәнде екенін ұмытпаңыз.
Ал сіз қандай шаш үлгісін таңдадыңыз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fashion.ru