- Негізгі бет
- Сән
- 2014. Мango топтамасы...
2014. Мango топтамасы
Mango бренді 2014 жылдың жылы мезгіліне арналған LookBook ұсынады. Бұл жолы дизайнерлер жұмыс пен демалысқа және саяхатқа шыққанда киюге болатын романтикалық, үлпілдек образды ұсынады.
Аталған топтамадағы киімдер ақ, қара және ақшыл түстерден құралады. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздар таңдайтын топтамаға шалбар, ұзын жилет, былғары шорты, жалбыз түстес қысқа белдемше, арқасында әшекейі бар көйлек, нәзік түсті пальто кіреді. Ал материал ретінде дизайнерлер мақтаны, вискозаны, трикотаж бен жібек матаны пайдалануда. Мұнымен қатар, бұл образды ақ кеды мен табаны қалың жаздық аяқ киіммен толықтыруға болады. Ал жұқа білезіктің кімге де болса жараса кететіні анық.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fashion.ru
Қ. Бүйенбай