Жаз есіктен сығалай бастағаннан-ақ жеңіл, жемісті-гүлді иістерге құмарта бастаймыз. Парфюмерия әлемі біздің қалауымызды қанағаттандыруға тырысады. Олар биылғы жазда сәнде болатын иістерді ұсынып та үлгерді. Ендеше, таныс болайық.
Light Blue Escape To Panarea Limited Edition 2014 (Dolce&Gabbana ұсынады)
Әйелдерге арналған Dolce&Gabbana Light Blue Escape To Panarea атты жаңа иіссуды жасап шығарушылар Панарея аралынан шабыт алған десек те болады. Бұл – Эолиялық аралдардың ең кішкентайы. Онда әлемнің ойын-сауық сүйгіш жастарына жақсы таныс Raya аталатын салтанатты қонақ үй бар. Панарея аралы өзінің сауық кештерімен ғана емес, жағымды иісті таңғажайып атмосферасымен көптің көңілінен шығып жүр. Алмұрт, бергамот, түнгі жасмин және флердоранждың иісі мүңкіп, сұр амбра, ақ мускустың (жұпар су) түсі берілген иіссу да сіздің жүргеңізді жаулай алады деп сенеміз.
ANNA ( Blumarine ұсынады)
Әйгілі Blumarine брендінің жаңа иісі осы сән үйінің негізін қалаушысы әрі дизайнері Анна Молинаридің құрметіне аталған. Аннаның айтуынша, бұл иіс оның тұлғалық қасиеттеріне 100% сәйкес келеді. Иіссу романтикалы, нәзік бола тұра, одан күш пен шешімділік байқалады. Жаңа өнім гүлді-мускустылар тобына жатады. Көбіне жемістердің, әсіресе пион гүлінің, магнолияның, раушан гүлінің иісі шығады. Шлейфінен ваниль мен мускусты сезесіз.
Untold Eau Legere (Elizabeth Arden ұсынады)
Elizabeth Arden ұсынған жаңа Untold Eau Legere от Elizabeth Arden – 2013 жылғы Untold иісінің жалғасы іспеттес. Дегенмен, әлдеқайда жеңіл әрі үлпілдек келеді. Мұндағы басты екпін тірі әрі табиғи нәзіктікке қойылған. Иіссудан грейпфруттың, алқызыл бұрыштың, қара қарақаттың, көк алманың әуені еседі. Ал жүрегінде алқызыл пион мен қанқызыл фрезияның гүл шоғы бар. Амбрдың, пачульдың түсі берілген.
Malibu (Juicy Couture ұсынады)
Juicy Couture үйінің жаңа өнімі Malibu деп аталады. Бұл иіссу да гүлді-жемісті иістілер тобынан екен. Хош иістіні таңдаушылардың қатары көп. Сірә, қарбыз, қаражидек, көк алма иісі нәзік жандыларымыздың көпшілігіне ұнайды. Жабайы раушан мен жасмин, лилия иісінің сізге де ұнамауы мүмкін емес.
Candy Florale (Prada ұсынады)
Жаздың жаңалығына айналғалы отырған Candy Florale – толыққанды өмір мен сезімталдылықтың гүлді иіссуы. Пион гүлі, бензоин, муксус, карамель, Флакон балы, сорбет иісі аңқиды. Ал түсі осыған дейін көптің ықыласына бөленген иіссулардан ерекшеленбейді, яғни, ақ гүлдермен безендірілген алқызыл түсті келеді.
A Way For Her (Trussardi ұсынады)
Аталған иіссу шығыстық-гүлдер тобына жатады. Алыстан-ақ бергамоттың, шабдалының, ақ шәйдің хош иісі сезіледі. Онан басқа жасмин мен тубероздың, франгипанның, сандал ағашы мен ванильдің иісі де бар.
Ал сіздің жазғы иіссуыңыз дайын ба?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: season.kz, zastavok.ru
Оқи отырыңыз:
Ерлерге ұнайтын әйелдер иіссуы
Қыздарға ұнайтын ерлер иіссуы
Әтір иісін қалай кетіруге болады?
Өз иіссуыңызды таптыңыз ба?
Иіссу сыры