Жарқыраған жаз келгелі әрбір бойжеткеннің алдында киімге байланысты екі таңдау тұр. Бірі – ашық түсті көйлектер болса, екіншісі - жарқын түстілері. Және дизайнерлер алуан түрлі суреті бар киімге қарағанда, бір түстісін көбірек ұнатуда.
Аты аңызға айналған британдық дизайнер Брюс Олдфилд: «Сән деген – бір идеяның бірнеше рет қайта өңделуі» деп айтқан екен. Бұл маусымда сәнгер мамандар таңдауын әдеттегідей көйлекке түсіріп отыр.
Жаңа топтамадан жаңа интерпретациядағы таныс көйлекті көріп қалсаңыз, таңқалмаңыз. Мысалы, плиссе мен денимнен тігілген көйлектер сәнге қайта оралды. Мұнымен қатар көйлектер спорттық киім үлгісімен үйлесуде.
Бірнеше жыл бұрын ғана көпшіліктің көзайымына айналған жейде-көйлектер осы көктемде сәнге айналды. Кез келген қыздың сымбатына сай келетін бұл көйлектердің бағасы да қол жетімді. Ең бастысы түсін дұрыс таңдай білсеңіз, болғаны.
Escada, Mango
Қиялы ұшқыр дизайнерлер кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлер үшін «Escada» үлгісін ұсынса, күнделікті тұрмысқа ретро стиліндегі «Levi's» көйлектерін таңдауға кеңес береді. Алайда көп бойжеткен Bella Potemkina ұсынған бұршақ суреті бар көйлекті сатып алуды.
Levi's, Equipment
Fix Design, Bella Potemkina
Жакет көйлектердің өзіндік орны бар. Назарларыңызға апельсин түстісін ұсынамыз. Бұл - кеңседе түрлі-түсті дресс-кодты қалайтын нәзік жандылар үшін таптырмайтын таңдау.
Mango, Schumacher
2014 жылы көктем мен жаз мезігіліне арналған ашық түсті көйлектер
Бір қарағанда кофе мен балмұздақтың қосындысын еске түсіретін бұл топтама елімізде үлкен танымалдылыққа ие болуда. Бутиктегі көйлектердің бағасы қымбат болса, қарапайым базардан көшірме үлгісін де табуға болады.
Pinko, Raoul
Schumacher, Pepen
Енді фисташкі балмұздағы, персик сорбеті мен лимон макарунасын тек кондитерлік дүкендерден емес, киім дүкендерінен де іздейтін болдық.
Marc Cain, Luisa Cerano
River Island, United Colors of Benetton
Motivi
2014 жылы көктем-жаз "Екі үйлесім" сәнді көйлектері
Бұл көйлектер бүгінгі таңға дейін үлкен сұранысқа ие болып келді. Бір қарағанда кеудеше немесе белдемше екенін түсіну қиын болса да, визуалды ойын біздің талғамымызға сай келуде.
Naf Naf, Marco Polo
Bella Potemkina, Kira Plastinina
Joop!, Mango
Түрлі өрнегі бар көйлектер
Оның қай үлгісін таңдасаңыз да, ұтылмайсыз!
Philipp Plein, Zara
Next, OVS
Luisa Cerano, Juicy Couture
Juicy Couture, Escada
Desigual
Келесі көйлектерді күндіз және кешке де киюге болады. Бар болғаны аксессуарды дұрыс таңдауыңыз керек.
Guess, Fix Design
Schumacher, Zara
River Island
Motivi, Pinko
Escada, Caractere
Hugo Boss Woman, Bebe
AVI
Жағасы бар жазғы көйлектер
Жағасы мен түрлі-түсті манжеті бар көйлектерді барлық жастағы қыздар қауымы таңдайды. Мектеп формысына ұқсайтын көйлектердің түсі бұған дейін ақ, қара болса, бүгіндері ашық түстісі де сәнге айналуда.
Kira Plastinina, Bella Potemkina
Бүрмелі көйлектер
Бірнеше маусым бойы назарымыздан жасырынған бұл көйлектер, осы жазда трендте. Алайда дизайнерлер бүрмелі белдемшенің орнына дәл сол үлгіге ұқсас көйлек таңдауды ұсынады. Ол бойға нәзіктік сыйлайды.
Escada, Escada Sport, Kira Plastinina
Tru Trussardi, Guess
Ретро стиліндегі көйлектер
Ертегі кейіпкерін есімізге түсіретін ханшайымдарға тек құлпыра түс дегіміз келеді. Оларға арнап ресейлік дизайнер Бэлла Потемкина нәзік көйлектер топтамсын шығарды.
Bella Potemkina
Bella Potemkina
Ал сіз қай көйлекті таңдайсыз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: style.passion.ru