2013. Мектеп бітіру кешіне қандай көйлек киемін?

Мектеп бітіру кеші - тарам-тарам жолдарға бағыт алған талапкерлердің он бір жылдық дәуренді бірге өткізген сыныптастарымен қоштасу кеші. Болашақтың осы кештен, осы қадамнан басталатынын да ұғатын кеш. Сіз бұл кешке қалай киініп бару жайында бас қатырып қойған да боларсыз? Бүгін біз сіздің қуанышыңызға ортақтаса отырып, оқушылық өмірмен қоштасуға арналған кешке қандай көйлек кию керектігі жөнінде біраз кеңес бергелі отырмыз. 

2013 жылы сіздердің бақтарыңызға орай, сән әлеміне мектеп бітіру кешіне киетін көптеген көйлектер шығып үлгерді. 

Қара түсті көйлектер

2013 жылдың ең үздік мектеп бітіру кешіне арналған көйлектері қатарына жасқанбай-ақ қара түсті қысқа көйлектерді ұсына аламыз. Өйткені бұл түс те, сән де ешқашан өзіндік маңызын жойып көрген емес. Тіпті қара түстің дене бітіміңіздегі артық май мен басқа да кемшіліктерді жасырып тұратын "қабілеті" де жоқ емес. Қара түсті қысқа көйлек арқылы көпшіліктің көзінен жырақ та кетпейсіз, әрі көзге көп түсе де бермейсіз. Біз сіздерге қара түсті мынадай көйлектерді ұсына аламыз:

 

Айтпақшы, артқы жағы ұзындау көйлектерді да киіп шығуыңызға әбден болады. Бұл да сізді ерекше етіп көрсетеді. 

Ұзын етекті көйлектер

Соңғы жылдары  ұзын етекті көйлектер сәннен қалмай келеді. Бүгіндері етегін көлбеңдетіп мұндай сәндегі көйлекті талай көріктілеріміз үстерінен тастамай киіп жүр. Мектеп бітіру кешіне де осындай көйлектерді таңдауға болатынын айтқымыз келеді. 

Ампир стиліндегі салтанатты ұзын етекті көйлектерді таңдауға тырысыңыз. Осы көйлекті кию арқылы іштегі артық майды жасыруға болады. Көйлектің етек жағы мен бас жағы түрлі түсті майда тастармен сәнделсе, тіпті керемет болар еді. Соңғы жылдары грек стиліндегі ұзын етекті көйлектерге ұсыныс көп. Ұзын етекті көйлектердің мынадай түрлерін киюге кеңес береміз: 

Желбіршекті көйлектер

Желбіршегі бар көйлектер кез келген қыздарға жараса кетеді. Мұндай көйлектердің Қысқасын да, ұзынын да таңдауыңызға болады.Егер етек жағы желбіршек болып, көтеріліп тұратын болса, мұндай сәнді көйлектер аяғы ұзын, арық қыздарға жарасады. Желбіршегі бар көйлектердің мынадай түрлерін ұсынамыз: 

Жылтыр көйлектер 

Салтанатты кешке жылтыр көйлектермен де баруға болады. Олардың әр түсті болғаны жөн. Тек сізді ерекше етіп, жылтыратып тұрса болғаны. Біз сіздерге жылтыр көйлектердің мынадай түрлерін киюге кеңес бере аламыз: 

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: ightinthebox.com, fraui.ru, about-fashion.ru, mail.ru