2013-көктемінің ең қызықты трендтері

2013-көктемінің ең қызықты трендтері

Сән - бізге сұлу, заманауи болуға көмектессе де, кейде сәнді трендтер мүлдем ерекше болып, күнделікті өмірде киюге келмейді. Алайда сән талғамы жоғары қыздар бұны да өз пайдасына жарата алады.

Инь мен янь

Монохромды шахмат түстері, яғни ақ пен қараның үйлесімі әр кезде дәстүрлі болып көрінеді. Алайда осы жолы дизайнерлер тым артық кеткен сияқты. Жолақты көйлектер, шахмат тақтасы, тіпті сиыр бояуы таң қалдырады.

Кимоно

Шығыс тігіншілері батыс сәнін көшіріп, қайталаудан шаршамаса, батыс сән үй иелері жапондық дәстүрлі киім үлгісі - кимононы жаңа трендке айналдыруда. Шығыс еліне сай жібек пен салтанатты кимонолардан шабыт алып, олар заманауи киім үлгілерін соған ұқсатып тігуде. Кимоно-пиджак, кимоно-көйлектер сән үй көрсетілімдерінде жиілеп кетті. 

Желбіршекті киімдер

Нағыз көктемгі киім болып көрінетін бұл көйлектер бәріне бірдей жараса бермейтіні анық. Түсі ашық, ал желбіршектерінің көлемі кішкентай болса, бұндай көйлекті киюге болатын шығар.
Орамал

Соңғы кезде дизайнерлер орамалды мойынға таққанның орнына басқа жолақ қылып, белдік не сөмкеге аксессуар қылып қыстырады. Әрине тым жарқын түсті шарфты күнделікті өмірде ерекше қылып киюге батыл керек.
Шарф

Төртбұрышты өкше

Дөрекі көрінетін төртбұрышты өкшелер сән үйлерінің топтамаларында жиі кездеседі. Мөлдір түсті, ортасы тесік өкшелер сән көрсетілімінде көздің жауын алса да, күнделікті киіммен жарасуы екіталай. Алайда көпшіліктің айтуы бойынша бұндай өкшелер өте ыңғайлы келеді екен.

Тон

Тонды қыста ғана емес, көктемде де киюге болады екен. Тоннан тігілген орамалдар, аяқ киім, аксессуарларды тек батыл сәнқой қыздар кие алады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: superstyle.ru

С. А