Pantone түс Институты келер көктемнің ең сәнді түстерімен таныстырды. Назарларыңызда 2013 жылдың көктемінде тренд болатын түстер.
Көктемнің басты түс атағына изумруд түсі ие болды. Қанық, бай түс аққұба қыздарға да, қоңырқай қыздарға да бірдей жарасады. Жалпы, көктемде жасылдың түрлі реңктері сәнді болады.
Сұр нефрит түсі екінші орында. Нефрит түсінің бәсең сұр реңкі ашық жылы түстермен де, суық қанық түстермен де жақсы үйлеседі.
Күңгірт көгілдір - қараңғы түсе бастаған аспанның, теңіз суының түсі. Бұл түс әрине көк түстердің түрлі реңктерімен жақсы үйлеседі. Сонымен қатар ол ашық, күміс, жасыл түстерімен жарасады.
Қара-көк келесі маусымның ең сәнді күңгірт түстерінің бірі болмақ. Бұндай түс аққұба қыздарға ерекше жарасады. Көктің сондай-ақ басқа реңктеріне назар аударыңыз: сапфир, ультрамарин, индиго түстері де өте сәнді болады.
Жас бұтақтар деп аталатын мына түс бұтақтар мен жапырақтарды еске салады. Жарқын, өмірге толы, заманауи жарқын ақшыл жасыл-сарғыш түс нағыз көктемгі тренд.
Лимон түсі күн мен жылы күндер жайлы ойлауға мүмкіндік береді. Жарқын, нағыз көктем түсі.
Африкалық күлгін деп аталған түс күлгін мен қызғылт түстердің қосындысы. Сәл бәсең көрінетін түске түтін араластырған сияқты.
Зығыр - алқызыл реңкі бар ақшыл сары түс. Нәзік, романтикалық кейіп жасау үшін мінсіз келеді.
Қызыл көкнәр бұл жай ғана қызыл түс емес. Қанық қызыл түсіне сарғыш-қызыл реңк қосылған. Ерекше, жаңаша көрінеді. Шығыс стиліндегі кейіп үшін мінсіз.
Шәрбат түсі қанық, жарқын қызғылт-сары түс. Жаңа піскен жемістің түсіне ұқсайды.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: guestofaguest.com, brandigirlblog.com