Егер сіз шаш үлгісін өзгерткіңіз келсе, біздің сайтқа бекер бас сұқпапсыз. Өйткені біз сіздерге бүгін 2013 жылдың сәнді шаш үлгісін ұсынбақпыз. Нақтырақ айтқанда, сәнді кекіл үлгілері туралы айтпақпыз. Шаштың бар болмысын ашуда кекілдің міндеті баршылық.
Тіке кекіл
Кекілдің бұл үлгісі ешқашан да сәннен қалған емес. Тіке түскен кекіл көбіне ұзын әрі жұмсақ тіке шаштармен тамаша үйлесім табады.
Қысқа, әрі графикалық кекіл
Мұндай кекіл сәні көбіне қара шашты қыздарға жарасады. Қысқа кекіл түсірген арулардың бет пішіні әдемі көрінеді.
Ассиметриялы кекіл
Бұл кекіл түрі көбіне қысқа шашты арулардың сәнін ашады. Көз бояуына қарап оның да пішінін аздап өзгертіп отыруға да болады. Бұл үлгі бет келбетін домалақ пішінді етіп көрстеді.
Түтілген кекіл
Бұл үлгі рок-н-ролл стиліне тән. Үнемі көтеріліп тұратын кекілдер де басқа үлгілерден еш қалыспайды.
Жұқартылған кекіл
Ыстық қайшымен жұқартылған кекілдер де келесі жылдың сәні болмақ. Мұндай кекіл үлгісі әсіресе жұмсақ шаштармен жақсы үйлеседі. Бет пішіні домалақ арулар үшін жұқартылған кекілдің қастың үстіне түсіп тұрғаны әдемі көрінеді. Ал беті созылыңқы аруларға қысқа жұқартылған кекіл жарасады.
Дөңгелек кекіл
Жетпісінші жылдары салтанат құрған "ретро" стилі қайта оралуда! Қайта жаңғырған дөңгеленген кекілдер келер жылдың басты сәніне айналмақ. Мұндай кекіл үлгісін қою үшін шашыңыздың тіке әрі тегіс болғаны орынды. Егер сіздің маңдайыңыз жазық болса, осы кекіл сізге жараса кететініне шүбә келтірмейміз!
Ендеше, құрбым, келер жылы осы үлгілерді пайдалана отырып кер маралдай керілген кекілді қыз атанғайсыз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: beauty.passion.ru