2013 жылдың ерлер шаш үлгісі

2013 жылдың ерлер шаш үлгісі

Біз өткен жолы қыздарға 2013 жылдың кекіл үлгісін ұсынған болтынбыз. Ал ендігі кезек жігіттерде. Қыздар секілді қолаң шаштары болмаса да, жігіттер үшін түрлі шаш үлгілері бар. Олар шаштарын түрлі сәнге салып жүруден қашпайды. Ендеше, көп созбай 2013-тың сәнді ерлер шаш үлгісін жария етейік!

Сулы шаш

Бұл шаш үлгісі "Ессіздер" деген кинфильм жарық көргелі бері сәнге айналды. Яғни 2009 жылдан бері. Келесі жылдың да сәнінен қалмайтын бұл үлгі жігіттердің бәріне жараса бермейтіні тағы бар. Көбіне қара шашты жігіттер шаштарын гельдеп жүрсе жарасымды.

Calvin Klein, Emporio Armani

Шашыңыз жаңбыр астынан келгендей сулы болып тұрса, ол сіздің өңіңізді ашатынына шүбә жоқ.

Жаңа шаш үлгісі – урбан-джентельмен

Осы жылы әлемдік сән саласында аты жайыла бастаған ерлер шаш үлгісі келесі жылдың да сәнінен қалмайды. Бұл үлгіні көбіне студенттер мен ерікті суретшілер жақсы көреді.

Louis Vuitton

Бұл сән үлгісінде классика да, модернизм де тұнып тұр. Урбан-джентельмен шаш сәнін қойған соң, классикалық үлгідегі костюм киіп, көзіңізге қара түсті көзілдірік тағып алсаңыз, тіптен жарасымды.

Жел үрлеген шаш үлгісі

ValentinoBottega Veneta

Бір қараған көзге шашын жел үрлеп тастағандай көрінетін бұл сән үлгісін лакпен, гельмен қатырып қою керек. Бұл шаш сәні келесі жылы атақты сәнге айналмақ.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: beauty.passion.ru

А. Әбілхан