- Негізгі бет
- Сән
- 2013 жылдың басты...
2013 жылдың басты түсі анықталды
Жыл сайынғы біркелкі дизайн жасайтын Pantone компаниясы келер жылғы сәнге айналатын түсті анықтады. Енді барша дизайнерлер 2013 жылы көк-жасыл түсті өздерінің туындыларында пайдаланатын болады.
Әр жылдың желтоқсан айында Pantone компаниясы алдағы жылға түстерді анықтап келеді.
«Көк-жасыл түс табиғатта көптеп кездеседі. Барлық өзге түстерге қарағанда адамның көзі тап осы көк-жасыл түсті бірінші болып шалады. Сондықтан да біз 2013 жылдың басты түсі ретінде көк-жасылды таңдадық», - дейді Pantone компаниясының атқарушы директоры Леатрис Айзман.
Айта кетейік, енді келер жылдан бастап Chanel, Roberto Cavalli, Jonathan Sanders және Kenzo сынды брендке айналған компаниялар киімдерін көк-жасыл түспен шығармақ.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: fashiontime.ru
Л. Лига