- Негізгі бет
- Сән
- 2013-2014: Louis Vuitton...
2013-2014: Louis Vuitton ұсынған әшекейлер
Бұған дейін арт-деко стиліндегі көзілдіріктермен таныстырған едік, назарларыңызға осы стильдегі әшекей бұйымдарды ұсынамыз. Louis Vuitton француз сән үйі 2013-2014 жылдың күз бен қыс маусымдарына арналған әшекейлер жасап шығарды. Бұл топтамадағы алқалар мен білезіктер жаңа мен көне стилдерін байланыстырған арт-деко стилінде жасалған.
Louis Vuitton брендінің 2011 жылы ұсынған алқалары әлі де сән айналымында болғандықтан, әр жыл сайын дизайнерлер түзетулер ғана енгізіп отырады. Топтаманың бұл жолы ұсынып отырғаны – күміс түсті металл мен қара, күлгін түсті рутенийден жасалған көлемді алқалар және мөлдір пластиктен жасалған білезіктер.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай