Оқуға, жұмысқа, тіпті тойға баратын киімдерді таңдап, дайындауға болады. Бірақ бейнеңізді ашу үшін әдемі көйлек жеткіліксіз екенін білетін шығарсыз? Бұл жағдайда әрдайым аксессуарлар көмекке келеді.
1. ҚАЙЫҚШЫ-ТУФЛИ. Біз өкшелі, домалақ немесе төртбұрыш өкшелі болсын бұл классикалық қара туфли міндетті түрде сіздің гардеробыңызда болуы керек. Мұндай туфлиді офиске де, ал тойға барғанда әдемі көйлекпен кие аласыз.
2. ӨКШЕСІЗ ТУФЛИ. Қарапайым «балеткалар» немесе өкшесі аласа қайықшалар – биік өкшелі туфлиге жақсы балама. Жұмыс, сабақпен әрі-бері шапқылап жүргенде аяққа еш салмақ түсірмейтін бұл аяқ-киімге жетер ештеңе жоқ.
3. ГАУҺАР ТАС. Сақина, сырға, алқа, білезік... Джинсы және футболка киіп алсаңыз да гауһар тастар әрдайым жарқырап жүреді.
4. ІНЖУ. Биязылықты әспеттейтін нағыз классикалық әшекей. Інжу тасты құйтақандай сырға немесе моншақ – сәнді киіміңізге сыпайылық пен нәр беріп тұрады.
5. КЛАССИКАЛЫҚ СӨМКЕ. Екі сабы бар қарапайым былғары сөмке күнделікті өмірге өте ыңғайлы.
6. КЛАТЧ. Жіңішке кішкентай сөмке той-жиындарға барғанда таптырмас аксессуар. Оған ең қажетті заттар ғана сияды.
7. БЕЛДІК. Бұл аксессуардың ғажайып жасайтын қасиеті бар. Кең киіміңіз бір сәтте белдіктің арқасында әсемдене түседі. Гардеробыңызда жіңіше, орташа және кең белдіктің болғаны өзіңізге жақсы.
8. ІРІТАСТЫ САҚИНА. Ірі тасы бар сақина бейнеңізге сәулеттік береді. Әсерді еселендіру үшін жарқын тастарды таңдаңыз.
9. БІЛЕЗІК. Алтын, күміс немесе эмальдан жасалған білезік – ешқашан ескірмейтін аксессуар. Мұндай аксессуарды күнделікті өмірде де тойларға да тағып барсаңыз болады.
10. МЕТАЛЛ САҒАТ. Алтыннан немесе тот баспайтын құрыштан жасалған жоғары сапалы классикалық сағат, мысалы алқа түріндегісі, ұзақ жылдар бойы сізге қызмет ете алады.
Сурет: vev.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина