1 қыркүйекке арналған шаш үлгілері

Шаш қыстырғыш

Шаш қыстырғыш  — шаштың түрлі ұзындықтарына жараса беретін әмбебап аксессуар. Оның үстіне, шаш қыстырғыштарды кез келген киім үлгісімен де үйлестіруге болады. 1-ші қыркүйек мерекесі баруға жиналған қыздар сәнді көріну үшін түрлі түс пен формадағы металл не пластиктен жасалған үлгілерін таңдаса қателеспейді.

Өрім

Өрім —1-ші қыркүйекке арналған классикалық шаш үлгісі . Ескі фильмдерде көрсетілетін екі өрім тым қарапайым деп ойласаңыз, биылғы Lauren Conrad топтамасы көрсетіліміндегі әдемі әрі нәзік дөңгелек пішінді өрім жасасаңыз болады. Немесе Emilia Wickstead шоуындағыдай француздық мәнердегі романтикалық шаш өрімі үлгісін таңдаңыз. Ескере кететін бір мәселе, мұндай өрімдер алдын шашты бұйралап алған жөн.

Бант

Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер алғашқы қоңырай мерекесіне ақ бантигін тағып барады.Бір қызығы, бант тек кішкентай қыздарға ғана емес, кез келген жастағы нәзік жандыларға жараса береді. Биылғы сән апталықтарында бант тағылған шаш үлгілері өте көп болды. Солардың ішінен өз бас формаңыз бен көзіңіздің түсіне сай келетінін таңдаңыз. Әсіресе, Tory Burch шоуында көрсетілген қара барқыт банттар көздің жауын алады.

Ленталар

Ленталарды қалай пайдаланамын дейтіні жоқ. Себебі, оны буылған шашқа да, өрілген шашқа да, басқа да түрлі шаш үлгілеріне үйлестіре беруге болады.  

Ободок

Егер шашыңызды бууға да, өріге де ниетіңіз жоқ болып жатырса, оны жай ғана тарап, әдемілік үшін ободок тақсаңыз болады.