- Негізгі бет
- Шығарма
- Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын...
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын
Міне, тәуелсіз алғанымызға 24 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде егемен еліміз талай-талай биік шыңдарды бағындырып келеді. Алар асуымыз, бағындырар белесіміз әлі алда әрине. Бірақ осындай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп жатқан әр қазақ бақытты. "Тіуелсіздік" деген сөздің өзі бізге азат, еркін екенімізді сездіреді. Қаншама қиын күндерді, зұлмат заманды артқа тастап, бостандыққа жеттік. Ұлттық тіліміз, дініміз, діліміз, рәміздеріміз арқылы азаттығымыз, қазақтығымыз айқындалады. Мұның бәрі Елбасымыздың еңбегі. Өйткені еліміздің ертеңі үшін, баянды болашағы ерінбей, талмай еңбек етуде. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көршілерімізбен тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз.
Егемендігіміздің арқасында Қазақ елі көркейіп, өркендеп, Астанамыз қарыштап дамып келеді. Алда келе жатқан "ЭКСПО-2017" көрмесінде ұлтымыздың берекелі беделі, мәртебесі одан сайын арта түсетініне мен кәміл сенемін. Осындай бейбіт күнді бағалап, еліміздің дамуына үлес қосу бәріміздің де бойымыздағы борышымыз. Тәңірдің берген тәтті сыйы - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмырлы болсын!
Жолдаған Набидолдинова Жадыра
Ж. Исакаев