Тәу еттім саған, тәуелсіздік. Сценарий

Тәу еттім саған, тәуелсіздік. Сценарий
Фото: wallup.net

Мектеп қабырғасында біліп алып жатқан жоғары және бастауыш сыныптарына арналған «Тау еттім саған, тәуелсіздік» атты сценарий үлгісі. 

Сынып іші немесе мектептің мәжіліс залы мерекеге қарай безендірілген. Суреттер және оқушылардың жасаған туындылары. Шарлар мен түрлі-түсті қағаздар. 

Екі жүргізуші ортаға келеді. 

1-жүргізуші: Қайырлы күн (кеш)! Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! 

2-жүргізуші: Мектебіміздің жалында жастары, құрметті оқушылар бүгінгі «Тәу еттім саған, тәуелсіздік» атты мерекелік концертімізге ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

1-жүргізуші: Қазақстанның республика болып, тәуелсіз еліп болып етек жиғанына бүгінде 26 жыл. 26 жыл ішінде үлкен жетістіктерге жеткен еліміздің іргесі берік болсын! 

2-жүргізуші: Бабалар аңсаған еркіндіктің бесігінде тербеліп келе жатқанымызға 26 жыл. Мектеп табалдырғын аттаған күннен бастап, еркін елдің ұландары ретінде білім алып, ертеңгі болашақ үшін ат салысып келеміз. 

1-жүргізуші:

Арманының сайран сап асқарында, 
Ойларының жататын астарында. 
Сөйлеп кетті ғайыптан ғашығы кеп, 
Тәуелсіздік құшағын ашқанында.

 2-жүргізуші:

Қуанышы қойнына сыймағасын, 
Әділетке жүреді илана шын. 
Жылап-жылап алады арасында 
Қуанышты көз жасы сыйлағасын... 

1-жүргізуші: Бүгінгі концертімізді ашу үшін ортаға мектеп директоры _________________ алғы сөзге шақырамыз. 

2-жүргізуші: Сізге көп рақмет құрметті _________________. Ендеше сіздер үшін, бүгінгі мерекелік көңіл-күймен керемет ән. Қарсы алыңыздар! ________________ 

1-жүргізуші: Ең бірінші болып біздің тәуелсіздігімізді қай мемлекет мойындағанын білесің бе?

2-жүргізуші: Әрине білемін. Ол еліміздің ең жақын досы – Түркия. 

1-жүргізуші: Қателестің. Негізінде осылай айтылғанымен, шын мәнінде еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып АҚШ мойындаған. 

2-жүргізуші: Мәссаған, мен осы күнге дейін осы ақпаратқа сеніп жүрмін ғой, есте болатын болды. 

1-жүргізуші: Енді біліп жүресің. Ал қазір біз жақсы бір биге кезек берейік. ________________ тобы. Қошеметтеріңіз! 

2-жүргізуші: Осы ақындардың өлеңдерін оқыған кезде адам неге керемет сезімде болады. Мәселен лирикалық өлең оқыса жаның тебіренеді де рухты көтеретін өлең оқыса, жігерленіп қаласың. 

1-жүргізуші: Бұл ақындардың кереметі ғой. Оған ойланудың қажеті жоқ. Кел оданда екеуіміз жас ақындарымыздың тәуелсіздік жайында жазған жырларын тыңдайық. (ортаға 3-4ақын шығып жеке шығармашылығынан өлең оқиды) 

2-жүргізуші: (сахна сыртынан бірден хабарлайды) біз жалғастырамыз, сахнада ________________ әнін қабыл алыңыздар! 

1-жүргізуші: Білесің бе, біздің оқушылар тәуелсіздік күніне арнап сахналық көрініс дайындапты. Бәлкім бірге отырып тамашалаймыз. 

2-жүргізуші: Келістік. Олардың дайындық кезіндегі сәттерін көргенмін. Бәлкім бұл ерекше қойылым болады. Құрметті достар бәріміз бірге тамашалайық! 

1-жүргізуші: Керемет! Көзге жас келгенін жасыра алмаймыз. 

2-жүргізуші: Жасыратыны жоқ, шынымен керемет көрініс. Еліміздің егемендігі жолындағы қиындықтардың қандай болғанын сезіну қандай ауыр еді. 

1-жүргізуші: Біз бүгінгі күнімізге тәу етуіміз керек. Бұл біздің үлкен жеңісіміз! 

2-жүргізуші: Дәл қазір құрметті ата-аналар, қонақтар, оқушылар, мектеп қабырғасында бір апта бойына ілініп тұрған қабырға газеттерінің жеңімпазын атайтын боламыз. Дайын болсаңыздар, кеттік. 

1-жүргізуші: «Тәу еттім, тәуелсіздік» атты тәуелсіздік күніне арналған апталық кезінде, ең үздік қабырға газеті болып ________________ табылды. Шын жүректен құттықтаймыз! 

2-жүргізуші: Жеңімпаздың құрметіне керемет күй болсын. Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра. Шап! ( ортада күй немесе оркестр орындалады) 

1-жүргізуші: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқи отырып, біз жастар ертеңгі елдің кемел азаматтары болуға сөз береміз! 

2-жүргізуші: Білім көгінде қанат қағып, отбасының және отанның келешегі үшін қызмет жасаймыз, ғылым игереміз. 

1-жүргізуші: Біздің бүгінгі шағын мерекелік бағдарламамыз мәресіне жетті. Келесі мерекелік көңіл-күйде кездескенше сау болыңыздар! 

2-жүргізуші: Біз – Қазақстанның болашағымыз! (ортаға барлық қатысушылар шығып, ортақ хормен ән салады. Ән патриоттық тақырыпта болғаны жөн). 

М. Ақан