- Негізгі бет
- Шығарма
- Мейірімділік – асыл...
Мейірімділік – асыл қасиет
Біз, қазақ, «жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған» ибалы елдің ұрпағы едік. Көкек ана мен тасбауыр әке, тумысынан тірі жетім атанған бейбақ сәбилер мәселесі бүгінгі біздің қоғамның сыздаған бір жарасы. Аталған мәселе туралы сөз қозғағанымен, бұл жара жазылмақ түгілі, одан әрі асқынып бара жатқандай.
Бельгия секілді кейбір елдерде жетімдер үйі жоқ деседі, ал бізде перзентханадан гөрі, жетімдер үйі көбірек. Қазақстанда қазір 154 балалар үйі бар. Ал ондағы жетімдер саны 94000-нан асады. Көкейді шерге бөлеп, шымбайға шоқ тастайтыны сол: шерменде балғындардың көбі - өзіміздің «қаракөздер». Бұл мейірімсіз, тасбауыр қоғам тастанды сәбиді қажет етпеген соң, Батыс Еуропа, АҚШ-тан әке-шеше табылып жатыр оларға. Ақпаратқа сенсек, 20 жылда 8000 бала шет ел асыпты. Байлығын қорасындағы малымен емес, бауырындағы баласымен өлшеген.
"Қазақтың бүгінгі бұл қасіретінің басты себебі неде?" деген сауалдың саналы жанды мазаламай қоймасы анық...
Осы тағдыры талқыға түскен балалар үйіндегі балалардың ертең ер жеткен соң, өздері де тасбауыр болып, қоғамнан алшақтап кетпесіне кім кепіл?! «Аялы алақан мен жылы сөзге зәру «қаракөздердің» көзі талып, бір мейірімді жан келіп, жылу сыйлар деген үмітпен жүргенін түйсігіне түйіп жүрген жан бар ма мына қоғамда?» деген сауал жетімдер тағдыры туралы ғаламтордан көрген бейне-роликтен кейін мені мазалай бастады.
Мен жоғары оқу орнын бітірген соң, үлкен өмірге қадам басқаннан кейін «Айналайын» балалар үйіне көмектесудегі алға қойған мақсатым: Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға бүгінгі қоғамның аялы алақанын, жылуын сезіндірумен қатар, олардың да осы қоғамның біз секілді бір мүшесі ретінде балалық шақтың шаттығы мен қуанышын сезінуіне мүмкіндік жасау еді.
Айгерім Қойшыбай
Оқи отырыңыз:
Студенттік өмір туралы шығарма
Сурет: blog.daekyo.com
Ж. Исакаев