- Негізгі бет
- Шығарма
- «Мен мемлекетімнің гүлденуі...
«Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?
«Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?.. Толғансам, санамдағы сұрақтардың саны көп, көкірегімде қауғадай қарс айырылған мол арман бар. Тарау жолдың имектелген бағытында құбыламды ұлтымның мүддесіне бұрдым. Қолыма қалам алсам, мемлекетіме деген махаббатымнан әр сөзім, ыңғай сөйлемім мақұрым қалған емес. Осы мақсатпен жүрегімнен шыққан туындыны жазарда да көптеген ой-толғамы дамыған, руханият кеңістігіндегі шығармашылық тұлғалардан ерекшеленуді көздедім. Менің пайымымдағы ол ерекшелік – ұлттық мүддемен бірге кез келген ұлтжанды азаматтың еліне деген бүкпесіз ақтарылған жүрек түкпіріндегі сезімі. Көк түріктің сарынын жалғаған Күлтегін бабам да өз еңбегінде: «Түрік халқының аты өшпесін...» деген ұлы атаумен байтақ өлкенің тұран даласына ұранын байлаған. Ол – «Мәңгілік елдің» мұратын арқалаған мөлдір сезімнің алғашқы қашауы. Әр заман ағысындағы ұрпақ сол рухани қайнардан қуат алуы қажет. Бүгін тасада қалған тұлғалық талғамға жан біткенде ғана қоғамдық пікір бесігінен оянады. Ел мүддесіне қызмет ету үшін әрбір саналы пендеге рухани қуат қажет. Қазақ елінің жалпыұлттық рухани қуаты – азаттығында! Егемен елдің ұландары азаттықтың ақ таңынан бойына шуақ таратқалы бері арман құбылаларын бағамдап үлгерді. Әрбір қазақи ортада тәрбиеленген, жаны алаш көшіне ерген жаңа буынның ақ желең демі: «Елімнің мүддесі!»,-деп ұран алса ғана өзінің бағытынан жаңылыспаған болашақтың басты кепілі болмақ. Балаң ұрпаққа бүгін «рухани биіктік» жетіспейді. Азаттықтың рухы қазақ қоғамында тәуелсіздікпен бірге отанына оралса да, мен кез келген сарын қобызын сызылтып өткен ұлттық хаостардан рухани қайнар іздеймін. Менің толғанысым – менің ғұмырбаяндық хамзамдағы пиғыл мен пенде қажеттілігіне отандық тұрғыдан өтеуге арналған болашақ жоспар. Шығармашылықта: «Әдебиет – рух майданы! Онда кімнің рухы биік болса, сол жеңіске жетеді...» деген түсінік бар. Әрбір қазақ баласы «Мен елімнің гүлденуі барысында не істей аламын?» деген сұраққа еркін ой арқылы жауап қайтаруы қажет. Себебі, өмір картинасының ерліктері – азаттықтың маңдайы жарқыраған өлкеде жасалады. Талғампаз көңілде рух жанартауының атқылауына шуақ беретін арман деген ұғым бар. Мен үнемі арман құбыламнан рухани биіктікті іздеймін. Жан дүниесі нұрлы адам ғана қоғам мен отанының гүлденуіне өз бойындағы асқақ нәрін бере алады. Кеше Елбасымыздың кестелі сөздері жинақталған «Ақыл – парасат» кітабын оқыдым. Зерде парақтарында: «Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады» деген сөйлем менің дімкәс санама ерекше әсер етті. Ерекше жігер сыйлаған сөйлем тіркестерін оқи сала толғанысымды ақ параққа түсіруге бірден тырыстым. Барша ғаламды аузына қаратқан дана бабамыз әл –Фарабидің: «Ғаламда әр адамның өз орны бар» деген орынды пікірі бар. Мен өз тұғырымды мемлекетімнің даму сатысына жұмсамаққа ниет қылдым... Жұмбағы көп жаратылыстың шындығы да осы. Дүниеде қайраткер көп. Олар өз Отанының гүлденуінде бірізділікті таңдады. Біздің алдымыздағы тұлғалардың да тарих сахнасында іздері сайрап жатыр. Менің де өзімнен кейінгі қалдырар естеліктерім қыран қазақтың игіліктеріне жұмсалмақ. Мен соны місе тұттым... Мемлекетімді гүлдендіру үшін ең алдымен мен қоғам арасынан өз орнымды дәл табуға тырысамын. Менің тұлға ретіндегі алатын қоғамдағы орным – «мемлекетің дамуына үлес қосу» миссиясының алғашқы баспалдағы. Оны мен жүрегіммен сезінемін...
Ә. Жутаева