Қазіргі уақытта жастар арасында ең негізгі мәселе жұмыссыздық. Бұл жастардың нарықта қандай мамандық сұранысқа ие екендігінен хабары болмағандықтан. Мамандықты таңдаған әрбір адам бір сұраққа жауап беруі тиіс: «Мен неге осы мамандықты таңдадым?». Менің бұл жазбамның мақсаты осы сұраққа жауап беру.
«Мен неліктен менеджер маманыдығын таңдадым?». Ең бірінші, «менеджмент» сөзінің мағынасын ашып, менеджерлердің алатын орнын анықтап алайық. Бірде-бір компания менеджерсіз өмір сүре алмайды, себебі ұйым пайда болған сәтте оны басқаруға қажеттілік те пайда болады. Менеджерлердің атқаратын қызметі - басқару: персоналды басқару, қаржылық ағымды басқару, жобаларды басқару, ұйымды басқару және тағы басқа.
Менеджер – кез келген персонал деп есептеу қате. Жоғары білімсіз, белгілі бір тауарларды сатушы адам сату бойынша менеджер бола алмайды, дұрыс ол - сату маманы. Ал, менеджер - бұл қарамағындағы персоналды басқарып, бөлімшелердің қызметін ұйымдастыратын басқару маманы. Ұйымның кадрларын жинақтаусыз, персоналды басқарусыз ұйым табысты дами алмайды. Менеджер - жоспарлау, бақылау, ынталандыру, басқару, шешім қабылдау қызметтерін атқаратын маман.
Мен «менеджер» мамандығын таңдадым. Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Экономика және Бизнес жоғары мектебінде 4-курста оқимын. Оқу барысында болашақ менеджерлер үшін қажет, әрі қызықты пәндерден дәріс жүргізіледі: менеджмент негізі, экономика, бухгалтерлік есеп, персоналды басқару, стратегиялық менеджмент, бизнесті ұйымдастыру, жобаларды басқару және т.б. Басқару саласының мамандары, ірі компаниялардың басшылары дәріс жүргізіп, тәжірибелі менеджер болуда қиын белестерден өтіп, ұйымды тиімді басқаруда қандай шараларды қолдану қажет екендігін түсіндіреді. Осы алған біліміміз арқылы біз де тәжірибеге ие болдық. Бар ынтасын, қабілетін, құштарлығын білімге жұмсаған адам болашақта елінің мақтанышы бола алады.
Болашақта қабілетті, елінің дамуына үлес қосатын мамандардың пайда болуы жастардың қолында. Әр адам дұрыс таңдау жасау керек. Менің таңдауым – менеджмент!
Автор: Қареке Гаухар
Сурет: hightime.kz
Оқи отырыңыз:
Алтыннан ардақты анама алғысым шексіз
Екі жылға созылған екі күн
Мейірімділік – асыл қасиет
Менің арманым – Нұрсұлтан атадай Президент болу