- Негізгі бет
- Шығарма
- Қулық пен ақылдылықтың...
Қулық пен ақылдылықтың айырмашылығы
Қу адамнан ақылды адамның, ақылдыдан данышпаннан айырмашылығы. Мектеп оқушыларына арналаған еркін тақырыпта жазылған шығарма.
Ақыл – кез келген жерден сары майдан қыл суырғандай оңай алып шығатын сабырлылықтың досы.
Қулық – құйрығы бір тұтам өтіріктің інісі. Қу адам өз пайдасын ғана ойлап, айламен арбайды. Ал ақылды адам арсыздыққа аяқ баспайды. Қулығымды асырмасам, ісім алға баспайды дейтіндер қателеседі. Әр істің артында ақыл тұрмаса, қулық арқылы жасаған жамандығың еслеленіп өзіңе қайтады.
Ақылды жан сырғыған секундтардан, мызғыған минуттардан мән іздеп, өмірін рухани баюға арнаса, парасатты адамға айналады. Ондай кісімен лебіздесу өз білгеніңді өзіе айтып беретін мардымсыз кітап оқығаннан мың есе артық. Ақылды мен данышпанның айырмасы – бірі баспалдақтың алғашқсы сатысында тұрса, бірі шыңдардың шыңына шығып үлгерген. Данышпан – ақылға ашқарақ болады.
Бар уақытымызды ілім ізденісіне арнасақ, ұрпағымызға аманаттап қалдырар тәрбиеміз тағылымды болмақ.
@. @assel_assanova