Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.
Үлкен мүмкіндіктер, биік армандар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Үкімет қазіргі толқынға, жастарға үлкен үміт артады. Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылы республикада жастар саясатының мәселесі бойынша арнайы уәкілетті орган – ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Бұл уәкілетті органның қызметтік шеңбері өте кең: біліктілік деңгейі, білім алу, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізуді ұйымдастыру, саламатты өмір салтын ұстану және рухани құндылықтарды қастерлеу, патриотизмді бекіту.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанның халық саны 18 миллионнан асқандығын және 4,2 миллион адам (немесе 23 пайыздан жоғары) жалпы алғанда – бұл 14 жас пен 29 жастар аралығындағы жастар екендігін ескерсек, бұл көрсеткіште ҚР ДІАҚМ-нің атқаратын жұмысы өте көп...
Осы тұста жақсы нәтиже беретін жүйелі тәсіл өте маңызды.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қызметпен қамтамасыз ету
Жас қазақстандықтар қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуда, елімізде жоғары білім алу үшін білім гранттары бөлінуде.
Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде, «Дипломмен ауылға», келісімшарттық негіздегі әскери қызмет ( бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамының 70 пайыздан астамы келісімшарт негізіндегі әскери қызметте) және т.б. атап өтуге болады.
Жыл өткен сайын жастар арасындағы жұмыссыздық қысқарып келеді. Ресми көрсеткіштер бойынша, жұмыссыздық 2016 жылдың ІІ тоқсанында 4,2 пайызды көрсеткен, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің едәуір төмендегенін білдіреді. Өткен жылы ресми түрде қызметтік кәсіппен жастардың ішінен Қазақстанда 2,1 млн азамат қамтамасыз етілді. Бір сөзбен айтқанда 14 жас пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың тең жартысының қызметі бар. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми көрсеткіштерге сүйенсек, еліміздің 115 мыңға жуық жас тұрғындары бұл бағдарламаға қатысып, жұмыспен қамтамасыз етілген. Ескере кететін жәйт, бұл көрсеткіштің жартысынан көбі ауыл тұрғындары.
Мемлекеттік бағдарламалар жастарды жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар біліктілігін арттыруға, мамандығын ауыстыруға, жаңа мамандықтарды игеруіне де көп көңіл бөледі.
Елбасының тапсырмасы бойынша, осы жылдан бастап, мамандығы бойынша қызмет еткісі келетін адамға мемлекет барлық жағдайды тегін ұсынады. Бірінші кезекте, бұл шара жұмыссыз және өздігінше жұмыспен қамтылған жастарды қолдауға бағытталған.
«Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жастарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2016 жылғы мәлімет бойынша, «Жасыл ел» бағдарламасымен елді мекендерді жайластыру мен көгалдандыруға 18 мың адам қатысқан.
«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бойынша өткен жылы 67 мың жастар өкілі мемлекеттік қолдау алып, барлығы дерлік жұмыспен қамтылған. Ескере кететін жәйт, 2016 жылғы жастардың дамуы жаһандық индекс бойынша, Қазақстан Республикасы жастарды жұмыспен қамту, олардың саяси және азаматтық қатысымы бойынша Түркия (62 орын), Ресей (110) және Қытай (118) секілді мемлекеттерді артқа тастап, 183 мемлекет арасынан 63-орынға тұрақтады. Қорыта айтқанда, жастар саясатының жүйелі әрекетінің нәтижесінде Қазақстанның жастарын бәсекеге қабілетті әлемнің ұлдары мен қыздарының қатарынан көретін күн де алыс емес.
Жетістікке жетуге жағдай жасалуда
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы туралы айтады.
Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы осы ойды ары қарай жалғастыра отырып, негізгі назарды қазақстандықтардың рухани саласы мен санасын үздіксіз үдерістер арқылы жаңғыртуға аударады. Ұлт Лидері қойған негізгі міндет, осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында негізгі рөлде - жастарды бөліп қарастыру. Бүгінде, 3D-принтинг секілді жаңа технологиялар мен салалар, онлайн сатылымдар, мобильді банкинг, сандық қызметтер прогрессивті жастардың арқасында кең ауқымдағы даму үстінде. Себебі, жастар жаңашылдыққа ұмтылады, өзіндік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тырысады. Жас адамдар жаңа заманның сұранысына жылдам бейімделеді.
Өскелең ұрпақ әрдайым заман сұранысына сай бейімделуіне, кейде әлемдік дамудың алдын алуға, бүгінде республикамызда білім беру әдістемесіне өзгерістер енгізілуде, үш тұғырлы тілді меңгеру, заманауи ІТ-технологиясын енгізу, робототехника және тағы басқа жаңашылдыққа баса назар аударылуда.
Осының барлығы дерлік кең ауқымдағы жетістікке жету жолына барлық алғышарттары бар біздің жастардың қозғаушы күші ретінде танылады.
Мемлекеттік жастар саясатының жетістігінің өзіндік көрсеткіші ретінде республикамыз жеткен жетістіктерді айтуға болады. Мысалы, TIMSS рейтингі қорытындысында Қазақстан 2015 жылы мектептегі оқыту сапасы бойынша әлемдегі 15 үздік мемлекеттер қатарына енген.
Біздің жастар академиялық білім деңгейі бойынша АҚШ, Англия, Германия, Австралия, Израиль, Швеция, Польша, Малайзия, Түркия және тағы басқа елдердегі замандастарынан озық.
Жастар арасында спорт және өнер саласында біздің республикамызды бүкіл әлемге танытып жүрген танымал жастар аз емес. Олардың қатарында – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Денис Тен, Қайрат Ералиев, Еламан Ерғалиев, Димаш Құдайберген және т.б.
Дін істері және азаматтық қоғам Министрлігі жастарды барлығынша ынталандыра түсуде екендігін айта кеткен жөн. Мәселен, жыл сайын берілетін «Дарын» жастар сыйлығын жариялады.
Деніңіз сау болсын!
Саламатты өмір салты да басымдықта. Елбасы қазақстандықтардың минимум 30 пайызын жаппай спортқа тарту туралы міндет қойды.
Бұл тапсырманы жүзеге асыру барысында мемлекеттің барлық аймағында спорт объектілері, ойын алаңдары, дене шынықтыру және сауықтыру кешендері салынуда.
Жыл сайын жаппай марафонға, спорт мерекелері мен додаларына қатысатын жастар саны артуда, олар өз денсаулықтарын сақтап, бекітіп және өзара қарым-қатынас орнатуға, пайдалы уақыт өткізуге ұмтылуда.
Мысалы, Қазақстанның 200 мыңнан астам жас азаматтары тоғызқұмалақпен айналысады, ал мектептерде бұл ұлттық интеллектуалдық ойынға арналған 10 мыңнан астам үйірмелер бар.
Мұндай жұмыстар салауаттты ұлт тәрбилеуге мүмкіндік береді, ал бұл дегеніміз еліміздің жарқын болашағының бірден бір негізі.
Сонымен қатар, мемлекет денсаулықты сақтау мәселесіне де айрықша көңіл бөлуде, және табысты нәтижелер байқалуда. Ресми көрсеткіштерге сүйенсек, 2016 жылы жастар арасындағы өлім-жітім 2015 жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға төмендеген. Наркологиялық орталықтарда тіркеуде тұратын жастар контингенті 12,9 пайызға қысқарған.
Соңғы 15-17 жылда төрт рет никотин қолдануға байланысты туындайтын аурулардың көрсеткіші төмендеген, түйін: қазіргі жастар шылым шегуді едәуір азайтқан. Бұл нәтиже салауатты өмір салтын насихаттау мен шылым шегуден бас тартуған үгіттеген нәтижелі іс-шаралардың кең ауқымда өткізілуіне байланысты.
Тұрғын үй мәселесі
Жастар жайлы сөз қозғағанда өріс алатын негізгі сұрақ – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл сұраққа нәтижелі жауап беру үшін мемлекет бірнеше бағдар қойды.
Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша, бұл бағытта «Нұрлы жол» бағдарламасы өз жұмысын бастады.
Бұл мәселе аймақтарда да өз шешімін табуда.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысында пилоттық режимде «Жас отау» жобасы іске қосылды, бұл бағдарлама қазіргі таңда Атырау облысында да жүзеге асырылуда. Бұл тізімге «Дипломмен ауылға» бағдарламасын кіріктіруге болады.
ҚР ұлттық экономика Министрлігінің деректемесі бойынша, 2016 жылы аталған бағдарлама шеңберінде республика бюджетінен 2725 жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және тұрғын үй құрылысына 8,6 млн теңге кредиттік негізде бюджеттік қаражат бөлінген.
Бес негізгі міндет
ҚР дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің жұмыстары жалғасуда. Бұл құзырлы органның алдында бүгінгі таңда бес негізгі міндетті орындау тұр.
Алғашқы кезекте қала жастары мен ауыл жастары арасындағы өмір мен демалысты ұйымдастыруда айырмаушылықтың қысқаруындағы максимальді көрсеткішіне жету.
Екінші кезекте «әлеуметтік жеделсатыны» дамыту қарастырылған. Мемлекеттік жастар саясаты енді өз назарын тек жастар ішіндегі дара индивидке ғана емес, жас отбасылар мен бала тәрбиесіне баса назар аударатындығы маңызды.
Жастармен жұмыс істеу құрылымдары белсенді даму үстінде болады, сонымен қатар, жастар мәселесімен айналысатын ведомствоаралық жұмыс күшейтіледі.
Егер белгіленген жоспардың барлығы табысты нәтиже көрсетсе, мемлекеттік жастар саясаты жаңа белгілі нәтижелер алатыны айқын, ал жастар өмірі сапалы жаңа деңгейге көтеріледі, бұл өз деңгейінде мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың жарқын болашағына кепіл болады.