Махаббат – ыстық сезім, бірақ оған ақыл, естелік әмірші болуы тиіс.
В.А.Сухомлинский
Қала іші. Бағдаршамның жасыл түсінің жанғанын күткен бір топ адамдар ала жолақпен сабылысып жолдың келесі жағына бет алуда. Барлық қалың топ жұртшылық бір-бірімен жағаласып жүріп бара жатыр. Ауа райы жанға жайлы болғанымен кескін келбеттері құдды бір аспанда түнерген бұлтқа айналып кеткендей.
Жәмила үшін ауа райы емес, бүгінгі басынан өткерген оқиғасы ішкі әлеміне өзгеше құбылыс қалдырды. Айтылған сөз - атылған оқтай жан дүниесінің ерекше әлемін ұрлап, мезгілсіз кезде қайғыға салды. Жалғанған екі жүрек арасына бір оқшау сезім жо-жоқ оны «сезім» деп атауға да келмейтін шығар, ішкі келбетінде әлден уақыттан бері мүлде болмай әп сәтте оянған жігіт сезімі Жәмиланың мәңгі алауын сол кезде ақ өшіріп тастады. Бұрын соңды егіз жандай болған адамдар сол бір аяқ асты болған оқиға үшін өзгеріп шыға келді. Бойын махаббатқа тең келмейтін от баураған ер жүрегі өзі үшін құнды болады деп ойлаған байлыққа кенеліп кіршіксіз қыз сезімін таптаған күйінде қалдырып кетті. Жігіт өмірімізде мәңгі лаулайды деген махббатын өз қолымен өшіргендей. Сеніп жүрген қыз өміріне күтпеген оқиға тап болып, жүрегіне қанжар қадалғандай күйге түсті. Байлық құдіреті сезімді талқандауға жететіндігіне әлі күнге дейін сенер емес.
Сендік сезім суығырақ,
Сеннен ай да жуығырақ.
Жүрегімді суырып-ап,
Сен құласаң төсер ем, - деп гитара үнімен шырқалған ән ұмытайын десе де , құлақ түбінде күмбірлеп тұр. Екі жүректің бақытты шақтары мол болды, екеуі біраз қиындыққа төзе білді.
«Өткергенім түсім болса екен...» - деген санасындағы үмітсіз сөзі бүгінгі оқиғасын ұмыттыра алмады. Ал жүрегімнің жартысы деп келген адамның бойында өзіне деген құштарлық сезімі қалды ма , қалмады ма ол үшін беймәлім күйінде қалды. Көз байлаған қыз сезімі ол жанға тастай берік еді.
Арада біраз ай өтсе де сол бір байлық күшін махаббат құдіретін жеңдіруге дейін жеткізген жігітке ессіз ғашық болғаны соншалық, әлі күнге дейін ұмыта алмай жүр. Жолында қанша серілер кездессе де олардың сезімін өмірінің тарихында қалған сол бір жанның сезіміне теңестіре алмады. Ессіз ғашық болу шынымен де тез арада ұмытылмасы хақ.
Арада біраз жыл өтті. Жәмила қыз бұл күні өзін шексіз сүйетін бір жанға тұрмысқа шықты. Ол сері жігіт Жәмиланы қатты жақсы көретіні соншалық күнде оған жылы сөздерін айтудан жалыққан емес. Бір күні бақытты жүзімен жолдасын жұмысқа шығарып салған Жәмила үйде жалғыз өзі қалып сақталып келе жатқан өзінің ескі күнделігін ашып көз жүгірте бастады.
Көне күнделік беті...
Біресе ашу-ызаның буымен, өкпе-реніш, қуанышпен жазылған шимай жазулар көзге оттай басылды. Күнделіктің орта тұсындағы қызыл қаламмен жазылған сөздерді бір сарынмен оқи түсті. Көзі шалған бұл жазуда:
«Сыйластық. Сезім. Күту. Аңсау. Әлі де осы күнге дейін жүрегіме мөр басып кеткен бұл сезім туралы жазбаларым ешқашан бір сарынмен жазылмайды. Мен махаббат құдіретін ешқашан жеңіп көрмегенмін, оның жүрекпен өте тығыз байланысты екендігін білемін, алайда мен оны да сезе білмеппін. Өз өмірімнің өткен тарихының кішкене ғана болса да бір бөлігін, қайта есіме түсірген бұл сезім, ізсіз қалған ғашықтықты үлкен әлемге айналдыр дегендей болып санамды кейде мазалайды. Бойымды кернеген осы қасиеттер туралы ешкімге айтқым келмесе де, ақ парақ бетімен сырласып осы досыма қалдырайын деген тоқтамға келдім.»
Кезінде ақ қалам бетімен сырласқан Жәмила бұл күнделікті осыдан біраз жыл бұрын басынан кешкен оқиғасы үшін арнаған. Алайда ол оқиға бұл күні ешбір естеліксіз күйінде қалды. Естелік болып қалғаны осы бір қызыл күнделік. Алайда ол да естелік деуге тұрарлық емес.
Кезінде бойындағы сезімді жеңе алмаймын деп өмір сынағына төзе алмаған сол бір қыз бір тоқтамға келіп бүгінгі күні өзін сүйетін жанға жолығып аяулы жар атанды. Кезінде сезімді ұмытқан қыз енді ғана махаббаттың, ғашықтықтың мағынасын қайта ұқты. Сезім сыйластықтан туады, оны бағалай білу тек қана шын ғашық жандардың қолынан келеді.
Жолдаған: Кенжеғали Кәмшат