Тәуелсіздік жылдары егеменді еліміздің қарыштап дамуы үшін үлкен істер атқарылды. Осы орайда қандай ел болмасын өз жетістігін сақтап қана қоймай, алға қарай ілгерлеу үшін жастардың рөлі ерекше екені айтпаса да түінікті. Қазақстан да алдағы жоспарлары мен стратегияларының іске асыру мақсатын жастарға барлық жағдай жасауда. Бұл үшін көптеген бағдарламалар қолға алынды, қаржылай қолдау білдіріліп жатыр. Бұл қатарда бірінші болып Болашақ бағдарламасын ерекше атауға болады. Шетелдің озық білім орындарын аяқтап келген мамандар түрлі салада қызмет атқарып жатыр. Ал Дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы еңбек жолын мегаполистерден жырақ мекендерде бастаған жас мамандар саны да аз емес. Осы арқылы олар ауыл жастарына да сапалы білім беріп жатыр. Бұл бастама өз жемісін беріп жатқанын көріп жүрміз. Мәселен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы еліміздің 115 мыңға жуық жас тұрғындары жұмыспен қамтамасыз етілген. Ал бұл көрсеткіштің жартысынан көбін ауыл тұрғындары құрайды. Жұмысқа орналасқан мамандар біліктілігін ары қарай да жетілдіре алуына да мүмкіндік бар. Сонымен қоса, Қазақстандағы білім беру белгілі бір жетістікке жетумен шектеліп қана қалған жоқ. Білім беру әдістемесіне өзгерістер енгізілуде, үш тұғырлы тілді меңгеру, заманауи ІТ-технологиясын енгізу, робототехника және тағы басқа жаңашылдық енгізіліп, жылдам дамып келе жатқан заманға сай болу үшін барлық мүкіндіктер пайдаланылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстан TIMSS рейтингі бойынша 2015 жылы мектепте білім беру сапасы жағынан әлемнің 15 үздік мемлекеттері қатарына енгенін атап өтуге болады. Әрине білімді жастарымыздың шетел асып кетпей өз еліне еңбек сіңіру үшін де қолдан келер барлық жағдай жасалуда. Өйткені жастардың жұмыспен қамтылуы ғанан емес баспаналы болуы да жоғарыда айтылған алғышарттардың бірі. Осы ретте Нұрлы жол бағдарламасын ерекше атап өткеніміз жөн болар. Одан бөлек 2016 жылы Жас Отау бағдарламасы аясында республика бюджетінен 2725 жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Иә, жоғарыда келтірген мысалдардан бөлек те мемлекеттік деңгейдегі бағдарламалар аз емес және олар білім беру мен баспана берумен ғанан шектелмейді. Елімізде адамдардың денсаулығына да баса назар айдарылып жатыр. Қалалар көркейтіліп, ауылды мекендерде тұрмыс сапасы арттырылып жатыр. Ал бұл оңай емес істерге жастардың сіңіріп жатқан еңбегі орасан зор. Демек нәтижелі атқарылып жатқан іс өз жалғасын табатыны заңдылық. Ал бұл іске ат салысып жүрген өскелең елдің ұрпағы білім сапасын, тәжірибелік мұмкіндіктерін арттыру үшін өз тарапынан барын салады деген үміттеміз.