Қазіргі заманды көзі ашық, сауатты, білімдар, зиялы, қауымсыз елестету мүлдем қиын. Уақыт өте келе қоғам да нақты мамандығы жоқ, арнайы оқу орнында білім алмаған жандарды шетке ысырып тастауда. Яғни, өркениет дамып, саясат жанарып, білімге аса назар аударып жатқан тұста әрекетке сай қимылдау қажет. Елбасымыздың да «Ел болашағы – білімді ұрпақ» дегені бекерден бекер емес. Оқу - инемен құдық қазғандай өте қиын, зейінділікті, талпынысты, мұқияттылық пен ізденісті талап ететін жарқын болашағынның айнасы. Оқыған адам қай жерде де сүрінбейді, білімнің арқасында әр уақытта өзін ақтап шыға алады, топ жарады, елінің сыйлы азаматы атанады. Көзі ашық, көкірегі ояу жанның алар асуы, асар белесі көп, өмір жолында ешқандай тығырыққа тірелмейді, тосқауылға тап болмайды. Кедергіге ұшыраған жағдайда да терең ой, оралымды ақыл, орынды сөзімен қарсылықты жеңе алады. Сондықтан тілімізбен емес, білімімізбен жүгірейік, достар!
Оқи отырыңыз:
Біздің болашағымыз неге тікелей оқумен байланысты?
Массагет оқушы қыздың арманын орындады
Математика - ғылымдардың жарық жұлдызы
Сурет: www.velychko.ru