Баланы қалай бағады?

Баланы қалай бағады?
Фото: vk.com

Бала бағу – жауапкершілікті талап ететін үлкен жұмыс. Нәрестені ата-анасы сізге сеніп тапсырса, жиналыңыз. Бұндай жағдай барлық адамның басында болады. Егер сіз оқушы болсаңыз, мына жазба сіз үшін. Ата-анаңыз өзіңізден кішкентай іні, сіңлі, қарындастарыңызды сізге табыстап, өздері шаруаларын тындыруға кетіп жатады. Баламен үйде жалғыз қалдыңыз... Істеп отырған барлық жұмысыңызды тастап, көңіліңізді балаға аударыңыз. Оның немен айналысып отырғанын басты назарда ұстаңыз. Өзін бір секунд та жалғыз қалдыруға болмайды. Ұйықтап қалғанда да, қасынан табылыңыз, өйткені, төсекте жатса, аунамақ болып құлап кетуі мүмкін. Есін білмейтін нәресте өзінің іс-қимылына жауап бере алмайды. 

Бала екі жағдайда ғана жылайды: біріншісі – аш болса, екіншісі – бір жері ауырса. Баламен жалғыз қалғанда, ол үздіксіз жыласа, мазасызданса, тамақ беріңіз. Егер баланың тісі шықпаған болса, ол қою тамақтарды жей алмайды. Сондықтан сүт немесе қайнаған суды бөтелкесіне құйып ішкізіңіз. Егер бала жылауын қоймаса, көңілін аулап, ойыншықпен ойнатыңыз.

Баланың тоңып қалмауын, терлеп кетпеуін қадағалап отырыңыз. Аузына не салып жатқанын да басты назарда ұстаңыз. Денсаулығына зиян нәрсе жеп қойса, баланың аузын абайлап ашып, оны қайта шығартуға тырысыңыз. 

Ата-анаңыз немесе өзіңізден үлкен әпке, ағаларыңыз келгенше баланың жанынан кетпеңіз. 

Р. Роза