- Негізгі бет
- Шығарма
- Астана – Тәуелсіздіктің...
Астана – Тәуелсіздіктің жемісі (эссе)
Қалалар өзінің келбетін заман сұранысына сай өзгертіп, сан ғасырды артқа тастай отырып дамиды, құрылады. Тарих беттерін парақтасақ, Қазақстанның Отырар, Жетісу, Тараз секілді 1000, 2000 жылдық тарихы бар қалалары өркендеп, желек жайғанына көз жеткіземіз.
Ежелгі Сарыарқа даласында, еркелей аққан Есіл өзенінің жағалауында Бозақ шаһарының орны табылған Ұлы Жібек жолының бойындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан мекенге бір жарым ғасыр бұрын Ақмола атауымен қала мәртебесі берілді. Ел қонған жерде тырмысқан тіршілік басталады. Халықтың сорғалаған маңдай терінен тама-тама тамшы көлге айналып, өнеркәсіптер өркендеп дами бастайды. Жел диірмені, тері өңдеу комбинаты, кірпіш зауыты тәрізді өндіріс орындарының кірпіші қаланып, қала тұрғындарының екі қолына бір күрек табылады. Бірте-бірте сауда-саттық саласы да қанат жойып, ел тұрмысы біраз жақсарады. Оған қалада тастан тұрғызылған үйлер көрініс бере бастағаны дәлел бола алады. Дамудың, жетілудің сол кездегі үлгісі ретінде білім беру жүйесі жолға қойылып, ауылшаруашылық училищелер, шіркеу мектептерінен қоңырау сылдыры естіліп, жұртты шаттыққа бөлей бастады. Қалаға жан-жақтан түрлі себептермен келген халық та тұрақтап қалып қойып жатты.
Ашылған ауылшаруашылық училищелері нәтижесін беріп, Ақмола қаласы ірі ауылшаруашылық машиналарын жасау орталығына айналды, қаладағы тың жерлер көп күшімен игеріліп, білектің біліктілігі қарқынды дамуға алып келді. 1961 жылдан батап қала атауы Целиноград болып өзгерді.
Осы Ақмоланы астана жасау Алаш арыстарының арманына айналып қалып еді. Дәлірек айтсақ, алғаш Халел Досмұхамедов пен Мұхамеджан Тынышбайұлы осы идеяны ұсынған еді. Көреген де кемеңгер елбасымыз алаштың ардақтары көре алмай кеткен күнді орнатып, тың идеяны жүзеге асыру үшін барын салды. Бабаларымыз аңсаған азат күн – тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдары жету қиын болғанымен, сақтап қалу одан да қиынға соғатын егемен еліміз үшін тынбай тер төкті.
Көп елді көк тудың астына біріктіріп, жұмылған жұдырықтай тату да берік етіп ұстады. 1997 жылы қаланың ғана емес, бүкіл елдің тағдырына түрткі салар қадамға барып, ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылдады. Себебі бүгінде «Еуразияның жүрегі» атанған Астананың қос құрлықты алып жатқаны, геосаяси тұрғыда ыңғайлы жерде тұруы қызықтырды. Әрі мұнда инфрақұрылымды, көлік және коммуникацияны дамытуға арналған бос орындар көп болды.
1998 жылы 6 мамырда Ақмола Астана болып өзгертілді. Содан бері 20 жыл ішінде тәуелсізідіктің тәтті сыйы ретінде тарту етілгендей гүлденіп, жайнап келеді. Ежелгі ертегілердің батырларындай күн санап өсіп, ілгері қадам басып келеді. Қалада ұйымдастырылатын Саммит, Азияда тәрізді әртүрлі шаралар әсерінен, басқа да себептерге байланысты басталған құрылыс нышаны көзді ашып-жұмғанша аяқталып, барлығы клмпьютерлік бағдарлама арқылы қолмен қойғандай, жоспарлы уақытта жемісін береді. Жас қала бас қалаға айналып, саусақпен санарлық жылдар ішінде адам танымастай өзгеріп, нұрланып шықты.
2017 жылы ұйымдастырылған ЭКСПО көрмесі де басқа елдердегідей кейін қаңырап бос қалмай, пайдаға жарайтын ғимараттар тұрғызуға жоспарланды. Бұл халықаралық көрме ел беделін көтеріп, атын алты құрлыққа танытумен қатар, қала құрылысын қарыштап дамытуға да септігі тимек. Тәуелсізідігіміз тұрақтап тұрғанда елолрдамыз да еңсесі биіктеп, көркейген үстіне көркейе түсеріне кәміл сенемін!
@. @assel_assanova