Ана... Үш әріп, екі буын, бір сөз. Көп сөздің бірі десекте болады. Бірақ ана сөзін киелі етіп, басқа сөзден ерек етіп алатынымыз оның мән-мағынасы, мәйегі. Расында ана сөзінде тебіреніске толы сезім, ана шапағаты, махаббаты, мейірімі көрініс береді. Ақының да, батырың да басқасы да бәрі анадан туған. Сол анаға лайықты құрметті көрсете білуіміз керек.
Осы тұста өз анам туралы айта кеткім келіп отыр. Менің анам Атырау облысы, Сағыз селосының тумасы. Қарапайым қара шаңырақта өсіп, шеше кеңесін, аке тәрбиесін көрген. Бүгінде адал ауыз нанын табу үшін жұмыс жасап, еңбек етеді. Бұның бәрі әрине сөзсіз біз үшін. Баласының басқадан кем болмай, қатарынан қалмағаны әрбір ананың жеңісі, еңбегінің жемісі деп білемін. "Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым" деген осыған дәлме–дәл келгендей. Өзі жемесе де, аузындағысын баласына жырып береді. Дей тұрғанмен ана мейірімін ақшамен өлшеу, тұлпарды құлынмен жарыстырған секілді ақылға қонбайды. Жұмақтың өзі ананың аяғының астында. Ананың балаға қарғысы да, тілеуі де қабыл болады. Бүгінде баласын қоқысқа қалдырып, немесе көк қағазға айырбастап жатырған көкек аналар да бар. Ана деген сөздің өзі оларға артық етеді. Қанша жерден қанпезерлікке барып, баласынан безінген ананың өзі, сырттай баласының амандығын тілейтіні айдан анық. Құдайға шүкір, бізге ата–анамыз ондай жат қылық жасаған жоқ. Қарнымызды тоқ, көйлегімізді көк, қуанышымызды көп еткізіп өсірді. Осындай бақытты нәсіп еткен бірінші Аллаға, екінші алтыннан ардақты анама алғысым шексіз.
Нұрбол Хасенов
Ақтөбе облысы, Мұхтар Арын атындағы
Қарғалы қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушысы
Сурет: nrcmc.kz
Оқи отырыңыз:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы (педагогикалық эссе)
Мейірімділік – асыл қасиет
Ана тілі туралы шығарма
Ана – барлық көркемдіктің үлгісі