Өмірімізде қанша жамандық, қанша жақсылық болса, оның барлығы адамның ықпалымен болады. Еш нәрсе ешқашан өздігінен болмайды, бәрі-бәрі адамның қолында.
Жанымыз бен жүрегімізді жылататын, күлдіретін – адамның өзі, сөзі, көзі.
Өмір сүріп жатқан ортамызға жағымды және жағымсыз өзгеріс енгізетін – адамның іс-әрекеті.
Тәртіпті орта қалыптастырып, ақыл-парасат күшін арттыру - адамның санасы, жұдырықтай жүрегі.
Шетел ғалымы Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық», - дейді. Өмірге адам болып келіп, адамдық қасиетімізді бойымыздан жоғалтпай кету әр адамның мақсаттарының бірі деп ойлаймын. Жақсы да бар, жаман да бар. Өмір түп-түзу, тап-таза бірізді жол емес. Алдыңнан талай белес, талай тау–тас жолығады. Соның барлығын жүрекпен сезіп, ақылмен ұғына білу - адамның қолында. Бір-бірімізден қалыспай озғымыз келеді, басқалардан ерекше болып жүруді мақсат тұтамыз, өз-өзімізді кез-келген ортада көрсетіп қалу адам өміріндегі жеке дәстүрі.
Жақсы адам көрсек сондай болсам деп, тамсанамыз, жаманды көрсек жанына жуымастай жасқанамыз. Әр адам бойында ерекше бір құдірет бар. Сол құдіретті күшімен бәрін өзгерте алады. Өмір сүріп жатқан ортаны бұзатын, оны жақсы жағына өзгертіп құрастыратын - адам. Не болса да барлығын өзімізден іздейік.
Жолдаған Камшат Кенжеғали