Киотода орналасқан ATR компаниясының ғалымдары ой арқылы заттарды орнынан қозғалтуға мүмкіндік беретін аппарат ойлап тауыпты.
Құрылғы бас киім пішінінде жасалған. Аппарат арнайы сенсорлар арқылы қан айналу жүйесіндегі толқындар мен мидың импульстерін сезіп отырады. Осылайша адам заттың қалай қозғалып жатқандығын көз алдына елестету арқылы ойын әрекетке айналдыра алады.
Өнертабыс иелерінің айтуынша, бұл жаңалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өте пайдалы болады. Компания құрылғыны өндіріске 2020 жылы енгізуді жоспарлап отыр.
Сөз болып отырған Network Brain Machine Interface компаниясының жүргізген зерттеуінің нәтижесінде ойдың көмегімен мүгедектердің арбасын орнынан қозағалтып, теледидарды өшіріп-қосып, үйдегі жарықты басқарып таңғажайып нәтижеге жеткен.
Бұйрықтың орындалуының дәлдігі 70-80 %-ды құрайды. Ойдың іске айналуына шамамен 6-12 секунд уақыт кетеді. Дегенмен құрастырушылар бұл уақытты 1 секундқа дейін қысқартуды жоспарлап отыр.
Мидан оқылған ақпарат мәліметтер базасына келіп түсіп, дәл сондай құрылғымен жабдықталған затқа бұйрық ретінде жіберіледі.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: futurepredictions.com