«Яндекс» «Кинопоискті» сатып алды

Ресейлік «Яндекс» интернет-порталы «Кинопоиск» жүйесін сатып алмақ. Осы арқылы яндекстіктер киносүйер қауымды өздеріне жақын етпек. Компания өкілдерінің айтуы бойынша, олар іздеу жұмыстарын осылайша жақсартпақ ниетте. Бұл жөнінде Reuters агенттігі мәлімдейді.

Іздеу жұмысы – «Яндекстің» негізі мақсаты. Әлемдік Google іздеуіш жүйесіне бәсекелестік танытып отырған Яндекс іздеудің 60 пайыздық жұмысын ұсынады. Ал қаржы көлемі көбіне жарнамалардан құралады.

 

Айтқандай, киноіздеу жүйесі бұрынғыша сол баяғы мекенжайы бойынша сақталып қала бермек. Сондықтан оны бұрынғыша іздей беруге әбден болады.

Дайындаған: Гүлжан Серік

Сурет: blog812.ru