- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Volvo көлікке автотұрақтан...
Volvo көлікке автотұрақтан бос орын іздеуді үйретті
Volvo Car Group компаниясы автономды тұрақтаушы қызметі бар бірегей концепт-кар жасап шықты. Автокөлік өз бетінше автотұрақтан бос орын тауып, жүргізушінің қатысуынсыз тұрақтауды жүзеге асырады.
«Автономды тұрақтау – бұл жүргізушінің автотұрақта бос орын іздеудегі өмірін жеңілдетін концептуалды технология. Жүргізуші бар болғаны көлікті автотұраққа кірер жерде тастап кетіп, шығарда дәл сол жерден айдап кетуі қажет», - дейді Volvo Car Group қауіпсіздік бөлімінің аға консультанты Томас Броберг. Vehicle 2 Infrastructure технологиясы жол инфраструктурасындағы хабарлағыштарды іске қосады. Ол жүргізушіге бұл қызметтің қол жетімділігі жайлы хабарлайды. Жүргізуші автономды тұрақтау қызметін іске қосу үшін ұялы телефон қосымшасын қолданып, көліктен шығады.
Автокөлік тұрақта бос орынның барын арнайы тетіктер арқылы анықтап, өз бетінше сол жерге жетеді. Ал жүргізуші өзінің темір тұлпарын айдап кетуге келген кезде жоғарыда айтылған әрекеттердің барлығы кері тәртіпте орын алады.
Басқа объектілерді анықтау қызметі бар автономды басқару мен автоматты түрде тежеу үйлесімі көліктің автотұрақта өзге авкөліктермен және жаяулармен қауіпсіз түрде бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік береді – жүйе жылдамдық пен тежелу қажеттілігін өз бетінше реттейді. Автономды басқарудың алғашқы функциялары 2014 жылдың соңында шығатын жаңа Volvo XC90-да пайда болады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: idrive.kz, carfactum.ru
Ж. FM