Әдетте кез келген ресторан қонағы тапсырысты беріп болғаннан кейін тағамды біршама уақыт күтеді. Ол, әрине, тапсырыстағы тағамның дайындалу уақытына байланысты. Франциядағы ресторандардың бірінде қонақтарды күттіріп қоймау үшін тапсырыста берілген тағамның дайындалу барысын анимациялық бейнемен көрсетуді жөн көріпті.
Расында жаңа маркетингтік ұсыныс өз бағасын алып үлгерген. Себебі ресторан қонақтары өз үстелінен тұрмай-ақ, қызықты виртуалды шоуды тамашалай алады. Нақтырақ айта кетсек, ресторан басшылары 3D-анимация технологиясының көмегімен бас аспаздың тағам дайындау барысын виртуалды шоуға айналдырған.
Мұндай әсер алғаннан кейін кез келген қонақтың көңіл-күйі көтеріңкі болары анық. Ал даяшылар алып келген кешкі ас оларға екі есе дәмді көрінетін болады.