Желдету - ғимарат ішіндегі ауаны зиянды заттардан тазартып, керек кезінде таза ауамен алмастырып отыру. Ол адам денсаулығына қолайлы микроклимат қалыптастырушы бірден-бір жүйе.
XIX ғасырдың басында желдету жүйесінің алғашқы даму сатылары калыптаса бастады. Академик Э. X. Ленд ғимаратты желдету механикалық жолдармен іске асатынын атап өтті. Центрден тепкіш желдеткіштердің шығуы арқасында желдету жүйесінің дамуы кең етек ала бастады. Аталған желдеткіш түрін 1832 жылы А. А. Саблуков ойлап тапқан болатын. 1835 жылы центрден тепкіш желдеткішті Алтайдағы Шағыр кенішінде пайдалана бастаған. Саблуков бұл желдеткіш арқылы түрлі кемелерді, ғимараттарды желдетуді ұсынған. Вентиляцияның дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдардан В. М. Чаплинді де атап өтуге болады.
Қазіргі таңда желдету жүйесі әрбір ғимаратта, әрбір үйде қолайлы микроклиматты қалыптастырып тұруда үлкен рөл атқарады. Желдетудің екі түрі қолға алынған: жасанды және табиғи. Жасанды желдету түрлі желдеткіштер арқылы іске асады. Ал табиғи желдету деп терезе, есік, сонымен қатар арнайы тесіктер арқылы ауаны алмастыруды айтамыз.
Бүгінгі күні желдету жүйесінің дамуы желдеткіштердің түрлері көбеюіне байланысты қарқындап дамуда. Әр ғимараттар мен зертханалық кабинеттерге арналған желдеткіш түрлері де ойлап табылған. Өндіріс орындарында өнімге байланысты желдеткіштер пайдаланылады.
Желдеткіштерді таңдай білу де желдету жүйесін ұйымдастырудың маңызды бөлігі.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: wikipedia.org