- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Венесуэла жанармай бағасын...
Венесуэла жанармай бағасын көтерді
Венесуэла үкіметі екі жыл ішінде жанармай бағасын көтеріп, халықаралық бензин бағасымен бірдей етпекші. Ал, қазір 1 шыныаяқ кофе бағасына шамамен 2 мың литр бензин алуға болады.
Ел үкіметі 20 тамыздан бастап бензин бағасын өсіруге кірісті. Президент Николас Мадуроның айтуынша, алдағы екі жыл ішінде бензинді су тегін сататын кез келген жанармай бекеттерінің жұмысы тоқтатылады.
Бірақ, үкімет бұрынғыдай көмекке мұқтаж адамдар мен арнайы карталары бар компанияларды қолдауды жалғастыра береді. Күріш, май сынды азық-түлікпен бірге бұл мемлекетте жанармайға деген тапшылық жоқ. Бензиннің бір литрі 6 боливар тұрады. Егер жергілікті валютаны еуроға айналдырсақ бір еуроға 1 шыныаяқ кофе мен 2 тонна бензин сатып алуға болады екен.
Үкіметтің есептеуіне қарағанда жыл сайын Колумбия мен Кариб өңіріндегі елдерге заңсыз бензин өтіп кетуі кесірінен мемлекет 16 миллиард еуро көлемінде зиян шегіп отыр. Бұдан бөлек белгілі бір себептереге байланысты Венесуэладағы мұнай өнеркәсібі бұрынғыдай табыс әкелмей жатыр.
Қазір Венесуэлада тәулігіне 1,36 миллион баррел мұнай өндіріліп жатыр. Бұл соңғы 50 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Қала берді Венесуэл халықаралық базарда бұрынғыдай мұнайын сата алмай жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, "Bloomberg" агенттігі әлемдегі бензин ("АИ-95") нарығы ең арзан және қымбат мемлекеттер тізімін жариялағанын жазған едік. Сол тізімде Венесуэла жүргізушілері дүниедегі ең бақытты жүргізушілер қатарына кірген еді.